19:28
Мектептегі мұғалім көшбасшылығы

А3 Әріптестердің бірімен тәлімгерлік үдерісі жүзеге асырылғаны туралы рефлексиялық есеп

ММК деңгейлік біліктілік арттыру курсының мектептегі тәжірибе уақытының мерзімделген бес аптасы аясында жеті модульдің мәнмәтініндегі тәжірибесін жетілдіруге қолдау көрсету бағытында тәлімгер ретінде өзіммен иық тірестіре қызмет жасайтын бір әріптесіммен жұмыс істеуге білек сыбана кірісермін.

Мектеп әкімшілігімен һәм әдістемелік бірлестік мұғалімдерімен ақылдасып кеңескеннен соң, тәлімгерлік жасайтын тәліпті анықтап алдым. Тәліппен, ол оқытатын сыныппен жұмыс жоспарын құрамын.

Осынау тәлімгер-тәліп арасындағы іскерлік жоспардың қамтитын аясы кешенді. Айталық, кәсіби дамудың мақсаттарын анықтауға бағытталған кәсіби сұхбаттар, заман талабына сай һәм тиімді сабақ жоспарларын қолдану, сабақтарды өткізу үдерісінде бейнежазбаны тиімді, орынды пайдалану, сабақ жайындағы оқушылардың пікірлерін және сабақ үстіндегі оқушылардың жұмыстарын барынша қолдану, жағымды өзара микроклиматта сабақтарды тәліппен бірлесіп жоспарлау, жоспарланған сабақтардың өткізілуін бақылау, тәлімгерлік жұмысты ілгерілетуге бірден-бір септігін тигізетін бастапқы һәм кері байланыс ұсыну, тәліп әріптестің рефлексиялық ойлауына негізделген кәсіби сұхбат, осынау кәсіби сұхбатқа негіз ретінде қолданылатын бейнежазба. Сонымен бірге тәліпті тізбектелген сабақтарыма қатысуға һәм мұғалімдермен өткізетін коучинг-сессияма қатысуға шақырамын. Тәліппен кәсіби әңгіме өткізу үдерісінде сабаққа дейінгі, сабақ барысындағы, сабақтың бейнежазбасы кезіндегі, сабақтан кейінгі мезеттер қамтылатын болады. Атап айтқанда, қадағалауға һәм бейнежазбасын жүргізуге бағытталған сабақты тәліппен талқылаймын. Кәсіби даму мақсатыммен оқушылардың қатысуымен бейнежазбаны түсіруге оқушылар һәм олардың ата-аналарының ресми рұқсатын болуын қадағалаймын. Аталмыш сабаққа арналған тәлімгерлік мақсатты талқылаймын. Айталық, оқушылардың өзіндік дербестігіне мүмкіндік беру, тәліп мұғалімнің «ашық» сұрақтарды қолдануы, сын тұрғысынан ойлауды ынталандыратын тапсырмалар беру һәм осы іспеттес басқа да тапсырмалар. Сабақ барысында бейнежазба түсірілетін жағдайда маңызды деген жағдайларды жазып отырамын. Тәлімгерліктің мақсатына жататын оқыту мен оқудың аспектілеріне басты назар аударуым аса қажет. Сол сияқты келешектегі оқыту мақсатын айқындауда септігі болатын мезеттерді де түртіп алуыма әбден болады. Артынша тәліп мұғалімге ұсыну үшін я кәсіби сұхбат өткізу кезінде бастапқы һәм кері байланыс орнату үшін «түрткі» іспеттес кәдеге жарату үшін, сабақ үдерісінде немесе одан соң бірден жазбаша кері байланыс жасауға тырысамын.

Өткізілген сабақтың бейнежазбасы жүргізілген жағдайда, тәлімгерліктің айқын мақсатына сәйкес, менің назарым тәліп мұғалімге я оқушылар тобына, болмаса барлық оқушыны түгелдей қамтуға бағытталуы кәдік. Десе де, бейнежазбаны жүзеге асыру кезінде камераның түсіру бағытын сондайма жиі өзгертумен әуестенбеу қажет. Сонымен қатар бейнежазба түсіру үдерісінде тәліп мұғаліммен кәсіби сұхбат барысында талқылағым келетін мәселелерге қатысты сұрақ-сауалдарды жазып отырамын.

Тәлімгерлік аясындағы кәсіби сұхбат үдерісінде тәліп мұғаліммен талқылағым келетін сұрақтардың тізімін жасауда мыналарды ескеруім қажет: уәжділігін негіздеу; тәлімгерлік мақсатына сай стратегияларды қолдануға ынталандыру; оқыту стратегиясына қатысты мәселелер; оқушылардың оқуына қатысты мәселелер.

Тәліп мұғалімнің сабағына қатысты онымен кәсіби сұхбат жүргізу кезінде «түрткі» ретінде кері байланыс нысанының тармақтарын барынша пайдалануға тырысып бағамын.

Тәліп мұғалімнің оқытуды һәм оқу мақсаттарын жетілдіру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдана алатын сабақты ынтымақтасып анықтаймын. Айталық, оқушының өзінің жұмысқа қосқан үлесін өз бетінше бағалай алуы үшін топтық кәсіби әңгімені жазып алу, ұялы телефонның көмегімен ғаламтор желісінен алынған ақпараттарды оқушылардың сыни шолуы үшін ұсыну, талантты және дарынды оқушыларға көшбасшылық рөлді жүктей отырып, ғаламтордан алынған фотосуреттер, анимациялар һәм басқа дереккөздерді тиімді кәдеге жарату арқылы тақырып бойынша зерттеудің топтық таныстырылымын жасау. Тәліп мұғалім сабағында АКТ-ны пайдалануда орындылық қажет болады. Осы бағытта аталмыш модульдің қолданылуы оқу сапасын арттыруға әсер ету дәрежесін һәм оны қолданбаған жағдайда пайдаланылатын дерекөздердің қаншалықты тиімді екендігін мұқият ойластыруды қажет ететін болады.

Күні қойылып белгіленетін жазба парағын я іс-шаралар күнделігін толтырып отыруым қажет.

Просмотров: 603 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: