19:27
Мектептегі мұғалім көшбасшылығы

А2 Коучинг-сабақ арқылы әріптестердің тәжірибесіне өзгеріс енгізу туралы рефлексиялық есеп

Коучинг-сессия өз кезегінде мұғалімдердің анықталған қажеттілігін қарастыруға, мейілінше талқылауға оң септігін тигізеді. Отырысты өткізетін коуч тәжірибелік жағына мән бергені абзал.

Модульдік мәнмәтіннің аясы өз кезегінде оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді, сын тұрғысынан ойлауға үйретуді, оқу үшін бағалау және оқуды бағалауды, оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануды, талантты және дарынды балаларды оқытуды, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқуды қарастыру үдерісінде қажеттілікті анықтау мақсатымен алдымен деректер жинақталады.

Коуч ретінде талқыланатын-талданатын тақырыпты қатысушылар қажеттігі ретінде анықтап алу жөн көрінеді. Себебі көтерілетін мәселенің көкейкестілігі, ең алдымен, қатысушы мұғалімдерге керек.

Жаңартылған білім беру бағдаламасында қолданысқа кірген критериалды бағалау аясы әлі де көп талқы-талдауға түсіп жүргені жасырын емес. «Тоғыз алмас» әдісі арқылы анықталған қажеттілік – оқу үшін бағалау тәсілдерін зерделей талдау.

Әдістемелік бірлестік деңгейінде аталмыш тақырыптың дараланып алынуы қазіргі білім беру жүйесіне талапқа сай өзгеріс кіргізу қажеттілігін талап етіп отыр. Сондықтан оқу үшін бағалауды әріптестердің тәжірибесінде қаншалықты деңгейде меңгеріліп отырғанын жинақталған тәжірибе негізінде толықтыру қажеттілігінен туындап отыр.

Коучинг-сессия қатысушыларымен «оқу үшін бағалау» (қалыптастырушы бағалау) және «оқуды бағалау» (жиынтық бағалау) деп бөлінетін модульдің аясын қарастыру, соның оқу үшін бағалаудың тәсілдерін зерделей талдауды белсенді әдіс-тәсілдер арқылы талқылауды жөн санап отырмын. Ал коучинг-сессия қатысушыларымен оқу үшін бағалау аясын зерделей талдау, осынау бағалау әдістерін меңгеру, оқушының қызығушылығын анықтауда қалыптастырушы бағалаудың әдістерін айқындауды күтілетін нәтиже ретінде межелеп отырмын.

Отырыс үдерісінде қалыптастырушы бағалауда неге қол жеткізу керектігі, мінсіз нәтижеге қалай жетуге болатындығы, осынау мақсатқа жетуде не қажет екендігі, критериалды бағалау бойынша осы сессия барысынан не күтетіндігі, критериалды бағалау дегенді қалай түсінетіндігі, қазіргі таңда мұғалімге неліктен өзгеріс керек екендігі, оқу үдерісін осылайша бағалау қажеттілігі, сабақта нені бағалайтыны, сыныпта жағымды ахуалды қалыптастыру үшін қандай бағалау түрлерін пайдалануды, оқу үшін бағалау мен оқуды бағалау арасындағы қандай айырмашылық бар екендігі топтық жұмыста талқылау-талдаумен қарастырылатын болады. Сонымен қатар критериалды бағалауды жүргізудің қандай тиімді жолдар бар екендігі, қандай ұтымды әдіс-тәсілдер арқылы жетуге болатындығы, мол мүмкіндіктің қайсысы оңтайлы нәтиже бере алатындығы, шешімдердің қайсысы көңілден шығатындығы, оларды жүзеге асыруда қандай мүмкіндіктің тиімділігі, жетістікке жетуде критерийлер мен дескрипторлар нендей деңгей-дәрежеде болу қажеттілігі, қиындықтар пайда болған жағдайда одан шығар жолдың қалай өрбитіндігі сияқты жағдайлар да өзектендіріледі.

Тәлімгерлік жасаудың кешенді бөлігі болатын коучинг-сессияда коуч қатысушы мұғалімдерге қажеттілік ретінде анықталған тақырып айналасындағы көкейкесті сұрақ-сауалдарға жауап беруде ақыл-кеңес, нұсқау-бағыт көрсетеді. Әңгіме болып отырған отырыста да коуч «Дөнгелек үстел» тәсілімен «оқу үшін бағалау» мен «оқуды бағалаудың» арасындағы айырмашылықты талдалдауға қатысушыларды нұсқайды. Алдымен берілген тапсырмалар бойынша жеке, жұпта, топта серіктестік орта құрғыза отырып, сыни тұрғыдан ойлай келе талқылатып, зерттеушілікпен айналысу барысында, дайындаған шағын жоба жұмыстарын флипчартқа түсіртіп, тақтаның алдына шығарып қорғатады. Берілген мәтін мазмұнын түсіну дәрежесін анықтау мақсатында екі топқа жеке-жеке тапсырмалар беріледі. Тапсырма барлық топқа әртүрлі таратылады. Қалыптастырушы бағалау ретінде «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясына сүйене отырып топтың ең жақсы жетістігі және жіберген кемшілігіне ұсыныс айтады. Коучинг-сессияны талқылайды, стикерлерге кері байланыс жаздырады.

Мектептегі мұғалімдермен коучинг-сессия өткізгеннен кейін бағалау парағы толтырылатын болады. Сауалнама түрінде өтетін бағалауда оқу мақсаттары мен оқудан күтілетін нәтижелерге қаншалықты дәрежеде қол жеткізілгені анықталады. Отырыстың жақсы жақтары һәм көңіл толмаған тұстары төбе көрсетеді. Олардың себептері айқындалып, сараптама-саралауға негіз болады. Ең бастысы, коучинг-сессияға қатысқан мұғалімдер өздеріне пайдалы не үйренгені, өз тәжірибесінде нені пайдалануды айқындап алады.

Просмотров: 652 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: