10:09
Мектепке жол - 2012

АТЫМТАЙ ЖОМАРТТЫҚТЫҢ ЖАСАМПАЗДЫҚ ҮЛГІСІ

Қыркүйектің таңы атысымен Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде тағы бір жаңа оқу жылы басталып та кетті. Демек, жапыға бірдей оқумен қамту қаншалықты жүзеге асты деген сұраққа жауап беретін мезгіл туды.

Соңғы жылдары игі де шарапатты дәстүрге айналған «Мектепке жол» қамқорлық-қайырымдылық акциясы басқасы басқа, ал атаулы білім мекемесі аясында айдарлы сипатта орындалып келеді.

Өкінішке орай,қамшының сабындай бұл өмір-заманда әрбір отбасының, әрбір оқушының жағдайы бес саусақтай бірдей емес. Біреулерде артылып артығымен жатса, кейбіреуде ол бір жағына жетсе, екінші жағына жетпей келтеленіп қалады. Дегенмен бұл тығырықтан да шығатын шапағатты жол бар. Ол – атымтай жомарттықтың адами-азаматтық үлгісі. Айталық, Бесқарағай ауылындағы мынандай азаматтары – Әлкеев Б.Р., Увакова Р.Х., Ахметова Л.Қ., Увакова Н.Қ., Тиканова Қ. көпбалалы және әлеуметтік жағдайында уақытша қиындықтары бар жанұялардағы оқушыларға оқуға қажетті киім-кешек, кеңселік құралдар жағынан қайырымдылық-қамқорлық танытты. Жергілік әкімшілік қызметкерлер де, Бесқарағай ауылдық дәрігерлік амбулатория азаматтары да, Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымы да бұл акцияға бір адамдай қатысып, асқан азаматтық үлгісін артық рет дәлелдеді.

Сайып келгенде, биылғы оқу жылын міне-міне бастаған бесқарағайлық оқушылардың барлығы білім алуға сайдың тасындай әзір. Іске сәт, айналайын шәкірттер!

ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 816 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: