11:44
Мектепке жол

ҚАПЫ ҚАЛМАДЫ

Тамыз айының бірінші күнінен бастау алған «Мектепке жол» акциясы күн сайын адуынды қарқын алып келеді. Әлеуметтік мүмкіндігі әл-әзір шектеулі мектеп жасындағы балаларға оқуға қажетті құрал-жабдықтармен, киім-кешекпен қамтуда қалталы кәсіпкерлер, зиялы қаукым, қатардағы қызметкерлер аянып қалмауда. Кез келген мүмкіндік туған жағдайда қол ұшын беруге ылайым дайын.

Игі дәстүрге айналған осынау абыройлы акцияға бесқарағайлықтар да өз үлестерін қосуда. Айталық, ауылдағы асыл тұқымды ірі қара мал шаруашылығымен айналысатын «Бесқарағай-Әлкей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, жеке кәсіпкерлер есебіндегі «Қазбек» дүкені иесі Л.Қ.Ахметова, «Мирас» дүкені иесі Қ.Тиканова, Б.Қ.Аркенов, Қызылағаш ауылдық округінің аппараты қызметкерлері, Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің педагогикалық ұжымы, Бесқарағай ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ұйымы көмек-қолғабысқа мұқтаж оқушыларға заттық-қаржылай жағынан қамтамасыз ету жағынан аянып қалмады.

Осы акцияның арқасында бірталай мектеп жасындағы баланың оқуға дайындығы бүтінделіп қалды. Аталмыш шара әлі де жалғасын табуда. Демек игілік әлі де асқақтайды. 

Бегімхан  КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ЖОББ мектебінің,оқу істері меңгерушісі, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 849 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: