11:13
МАБ-2011: былтырғы межеден сәл астық
Биылғы жылдың 11 наурызында Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің 4 қазақ сынып, 9 қазақ һәм орыс сынып оқушылары ауданымыздың, тіпті аймағымыздың өзге де оқушылары қатарында Мемлекеттік аралық бақылау сынынан мектеп қабырғасында өтті. Нәтижесінде, 9 сыныптар тест нысанында тапсырған үш пәннің ортақ көрсеткіші бойынша 68,5 ұпай жинады (2010 жылы - 67,3 болған). Айта кетелік, былтырғы көрсеткіш аудан мектептері бойынша көшбасында болған, ал биылғы осынау көрсеткіштің өзі алғашқы үздік бестікке кіретіні я кірмейтіні әлі анық емес! Жекелеген пәндер көрсеткіштері, салыстырмалы түрде, мынадай: ағылшын тілінен 22,1 (2010 жылы - 21,6), математикадан 17,7 (2010 жылы дүние тарихынан - 19,6), қазақ тілінен 29,7 (2010 жылы - 28,5), орыс тілінен 28,1 (2010 жылы - 25,2). Үздік көрсеткіш көрсеткен оқушылар: Шәріпова Нұрилә (77), Важниченко Максим (75), Важниченко Анастасия (74). Оның үстіне орыс тілінде оқитын төрт оқушы: Важниченко Максим, Гроздюк Татьяна, Кириченко александр, Шәріпова Нұрилә - қазақ тілінен максималды 30 ұпайды бағындырса, 9 қазақ сынып оқушысы Қадырханова Айнұр орыс тілінен 30 ұпайды толық қамтыды. Ал 4 сыныптың екі қоқушысы орта есеппен 19 ұпай жинады. Оның ішінде Қойкен ақбота максималды 20 ұпайды бағындырды. Бәрекелді! Жарайсыңдар!
Просмотров: 851 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Гульзат  
0
Жарайсыңдар! Алтын ұя мектебім әрқашан биіктен көріне берсін.

Имя *:
Email *:
Код *: