13:20
МАБ-2011
Жалпы орта білім беру
ұйымдарында мемлекеттік
аралық бақылауды дайындау және
өткізу жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) (М. Байжұманов) 2011 жылғы 20 қаңтарға дейін:
1) мемлекеттік аралық бақылауды (бұдан әрі – МАБ) өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің уәкілетті өкілдерінің базасын қалыптастырсын;
2) республиканың өңірлері бойынша МАБ-ты өткізу кестесін жасасын;
3) Мектепке дейінгі және орта білім департаментімен (Б. Кәрімжанов) және Ұлттық тестілеу орталығымен (Қ. Әбдиев) бірлесе отырып, МАБ-ты өткізу үшін 4 және 9-сыныптарда 90 % мектептерді іріктеуді жүзеге асырсын.
2. Ұлттық тестілеу орталығы (Қ. Әбдиев) 2011 жылғы 20 қаңтарға дейін:
1) жалпы орта білім беру ұйымдарында МАБ-ты өткізудің тәртібін Комитетпен келіссін;
2) МАБ-ты өткізу үшін 4-сыныптарға «Математика» пәні бойынша, 9-сыныптарда қазақ тілінде оқытатын мектептердің оқушылары үшін – «Орыс тілі», орыс тілінде оқытатын мектептердің оқушылары үшін – «Қазақ тілі», шет тілдерінің біреуі (ағылшын, неміс, француз) және «Математика» пәндері бойынша жабық үлгідегі тест тапсырмаларының базасын қалыптастырсын және оларды сынақтан өткізсін;
3) Білім және ғылым министрлігінің сайтына 4, 9-сыныптарда МАБ өткізілетін пәндер бойынша тест тапсырмаларының үлгі нұсқаларын орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының міндетін атқарушы М. Байжұмановқа жүктелсін.
Министр Б. Жұмағұлов

Просмотров: 1170 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: