22:25
Мұхаммед (с.ғ.с.)пайғамбарымыздың хадистері

551. Себепсіз үй-жайын, жерін сатқан адамның дүниесінің берекесін кетіру үшін Алла әртүрлі бәлелерді дайындап қояды.

552. Кімде-кім көшпенділікті ұнатса, ол өзіне машақат іздеп табады. Кімде-кім аңшылыққа артықша беріліп кетсе, басқа пайдалы нәрселерден құр қалады. Кімде-кім патша сарайына бара берсе, түбінде қаскүнемге айналады.

553. Кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса, Алла оның әмірін ұзартады.

554. Кімде-кім сабыр-қанағатпен іс қылса, істеген ісі дұрыс шешіледі, әйтпесе соған жақын болады. Сабырсыз адамның ісі қаье болады немесе соған жақын болады.

555. Дастарқанға төгілген тағам немесе нанның қиқымдарын теріп жеген адамның күнәсі төгіледі.

556. Дәрігерлік ілімді игермеген адам өтірік емшілік жасаса, ол адамдарға жасалған зұлымдық болады.

557. Кімде-кім өзін зор тұтып, жүріс-тұрыста тәкаппар болса, ақирете Алланың қаһарына ұшырайды.

558. Аллаға сүйену орнына, басқа жолдармен табысқа жетуге бейіл бұрған адамдарға Алла ерік беріп қояды. Бірақ оларға түбінде жәрдемдеспейді.

559. Кімде-кім Алла алдында өзін төмен ұстаса, оның мәртебесі, абыройы өседі.

560. Өзі білімсіз бола тұрып, түрлі тартыс-талқылауға қатынасып жүретін адам, сол ісінен тыйылмайынша, Алланың қаһарында болады.

561. Кімде-кім менің Хадистерімді әңгімелеу үстінде өтірік шығар деп күмәнданса, өтірікшінің өтірікшісі соның өзі болады.

562. Кімде-кім айтылатын сөздерінің өз атына жазылатынын білсе, мағынасыз сөйлей беруден тыйылғаны дұрыс.

563. Әрқандай адамның істеген ісі есеп кітабына мұқият жазылатын болса, сонда ғана ол еңбегіне лайық болып шығады.

564. Кімде-кім досының не өз қызметкерінің ауласында жанжал шығаруға себепші болса, ол – мұсылман емес.

565. Кімде-кім біреуді өз атымен атамай, кеміту ниетімен лақап атымен шақырса, оған періштелер лағнет айтады.

566. Кімде-кім ашуынан қайтса, Алла оның көрер азабын қайтарады. Кімде-кім жұртты ғайбаттаудан тыйылса, Алла оның айыбын бетіне баспайды.

567. Әлдебір қылмыс немесе күнә жасайтын адамдарды көрсеңіз, оны әуелі қолмен тоқтатыңыз. Бұған мүмкін болмаса, тілмен тоқтатыңыз. Оған да мүмкін болмаса, діліңізде айыптап тұрыңыз. Бірақ бұл үшіншісі – адамның сенімінің әлсіздігі.

568. Кімде-кім шымшықтай құсқа рақымын көрсетсе, Алла мұндай адамдарға қиямет күні мейірім-шапағатын шашады.

569. Кімде-кім су тасқынының алдын алып, сол жолда қаза тапса, шәйіт болып саналады.

570. Белгілі бір кәсіптің арқасында нан тауып жеп жүрген адам – сол кәсібін себепсіз өзгертпесін!

571. Қайсыбір мұсылманға Алла парасатты әйелді нәсіп қылған болса, демек, оның адалдығының жарымына көмектескені. Қалған екінші жартысы үшін оның өзі өзіне жәрдем етуі керек.

572. Кімнің құлқы жаман болса, ол өзін азапқа кіріптар етеді. Кімнің қам-қайғысы көбейсе, денесін дерт жайлайды. Кімде-кім адамдармен жанжалдасуға әдеттенсе, абыройы мен адамгершілігінен ажырап қалады.

573. Кімде-кім қанағатсыздықты мұрат етсе, тозақ отынан өзіне орын дайындай берсін. Баюы да, кедейленуі де оның қанағатына байланысты.

574. Қайсыбір ғалым ілім сұрағанға қызғаныштан ештеңе айтпаса, қиямет күні оның аузына оттан ауыздық салынады.

575. Жұрттың сырын біліп алып, басына қайғы-қасірет төндірушілердің нәсілінің таза екені күмәнді.

576. Кімде-кім бізге қарсы таудай қарсылық етсе, ол мұсылман емес.

577. Біреулерге зиян жасаушы адамның зиянын Алла өзіне қайтарады. Біреулерге қиыншылық келтірмекші болған адамның басына Алла машақатты күн туғызады.

578. Кімде-кім өз қызметшісін нақақтан ұрса, қиямет күні сазайын тартады.

579. Кімде-кім өзінің не өзгелердің жетім балаларын балиғатқа толғанша тәрбиелеп, адам етіп өсірсе, оның орны жәннат болады.

580. Екі қыз баланы бағып, тәрбиелеп, балиғатқа толтырған адаммен мен жәннатта бірге боламын.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 414 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: