19:37
Мұхаммед (с.ғ.с.)пайғамбарымыздың хадистері

231. Денсаулығың, ахуалың бар кезінде Алланы танып, жалбарынып жүр, қиыншылыққа тап болған кезінде Ол сені таниды.

232. Қаладағы тұрақты жайындағы көршің жаман болса, Алладан пана сұра. Сахарадағы көршің жаман болса,тез көшіп кет.

233. Ненелі тұрмыс құрып, өсіп-өніңдер! Сонда мен қиямет күні басқа үмбеттерімнің алдында сендердің өсіп-өнген ұрпақтарыңды көріп қуанамын.

234. Бір-бірлеріңе қайырымды, мейір-шапағатты болып, қол ұшын беріңдер, сонда іштеріңдегі арам пиғылдан тазарасыңдар.

235. Бір-бірлеріңді жақсы көріңдер, өйткені жақсы көру – махаббатты артырады, ділдегі дұшпандық сезімді жояды.

236. Күнә қылсаң, артынша тәубеге кел. Сонда күнәң жеңілдейді.

237. Салмақтылық, ұстамдылық, ойлылық – пайғамбарлық сипаттың жиырма төрттен бір бөлігі.

238. Шыншыл, сенімді саудагерлер Алланың, пайғамбардың досы шейіттермен бірдей.

239. Қорқақ саудагердің пайдасы кем болады, батылдары – пайдаға шаш етектен батады.

240. Тәртіптілік – тұрмыстың жартысына, достасу – ақылдың жартысына, уайымшылдық – кәріліктің жартысына тең; өнерлі, ақылды әйел байлықтың екіден біріне тең.

241. Үш түрлі сипат бар, кімде-кім соған ие болса, Алла-тағала қиямет күні оларды қорғап, жәннатына кіргізеді. Ол сипаттар мыналар:

Зайыбымен адал қарым-қатынаста болу;

Ата-анасына шапағатты болу;

Қол астындағыларға қамқор, қайырымды болу.

242. Үш түрлі сипат бар, олар кімде болса, Алла-тағала оған рақым етіп, жәннатқа жібереді. Олар мыналар:

Өзін пайдасынан қаққандарға қайырым жасаған адам;

Өзіне зұлымдық жасағандарға кешірім еткен адам;

Туыстарымен сыйыса білген адам.

243. Үш түрлі сипат болады, кімде-кім оларды Аллаға сыйыну, сауап ретінде атқарса, Алла оған жәрдем беріп, сый тарту етері хақ. Ол сипаттар мыналар:

Құлды азат етушілер;

Жақсы үмітпен от басын құрағандар;

Тың жерді игергендер.

244. Мынадай үш түрлі нәрсе құмарпаздықпен бірдей: құмар ойнау, асық ойнау, жаппай шулап, бәдік сөйлеп, ойнау.

245. Мынадай үш түрлі жаман сипат бар, олар рухани кедейліктен тұрады:

(Жаман) патша жақсылығыңа шүкіршілік етпейді, жаманшылығыңды кешірмейді;

(Жаман) көрші сенен жақсылық көрсе жасырады, жамандық көрсе асырады;

(Жаман) әйел қасында болсаң жәбірлейді, болмасаң, опасыздық жасайды.

246. Мынадай үш нәрсеге қасам ішпе:

Садақа бергеннен пенденің малы кемімейді;

Кейбіреулердің малына қиянат жасалса да сабыр сақтаса, Алла оны құр қалдырмайды;

Кейбір пенде тіленшілік есігін ашып қойса, Алла оған кедейліктің есігін ашып қояды.

247. Сендерге бір хадисті айтайын, оны әрдайым естеріңде сақтаңдар. Дүние мынадай төрт топтағы адамдар үшін жаралған:

Әркімге Алла байлық пен ғылым сыйласа, ол сол байлықты тек өзі ғана пайдаланбай, туыс-туғандарға да қаарсып тұрса, ғылым-білімі арқылы ақысын ада етіп отырса, мәртебеліліктің ең абзалы осы.

Әлдекімге тек ғылым беріліп, дәулет сыйланбаған болса: «Егер менде дәулет болса, өзгелер сияқты игілікті істер істер едім», - деп адал ниетімен айтса, ол сол ниеті үшін жомарт байдың сауабындай сауапқа ие болады.

Егер кімде-кімге мол дүние бітіп, ғылым сыйланбаған болса, туған-туыстарына қарайласпаса, Алла ақысын ада етпесе, мәртебесіздік, инабатсыздық сол болып табылады.

Кімде-кім ғылым мен мол дүниесі болмаса да: «Малым, ғылымым болғанда ғой, өзгелер сияқты жақсы іс істеп, қайырым жасар едім» - деп шын ниетімен айтса сауапқа батады.

248. Мынадай үш түрлі дұға бар, олар шексіз қабыл болады:

Ата-ананың перзенттік хақысын өтемеген балаға арнап айтқан қарғыс дұғасы,

Мүсәпірдің дұғасы;

Қысымшылықта жүрген адамның дұғасы.

249. Мынадай үш түрлі күнәлі іс бар, оны үмбеттерім жоққа шығара алмайды:

Шыққан тегін, нәсілін мақтаныш ету;

Өлген кісінің артынан дауыс салып жылау;

Жұлдыздарға қарап бал ашу.

250. Мынадай үш түрлі сипаты бар адамдарға қияметтік дұшпанмын:

Кімде-кім Алла атынан біреуге бір нәрсені беріп, соңынан оған қиянат жасаса;

Еркін адамды құл деп сатып, ақысын жеп қойса;

Жалшыға жұмысты толық істетіп, ақысын кем берсе.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 468 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 2
2 Aespienk  
0
https://m-dnc.com/vd/download-sherlock-holmes-season-2-sub-indo

1 qrcqbgswvisv  
0
http://bitly.com/2Wv7LU6

Имя *:
Email *:
Код *: