19:32
Мұхаммед (с.ғ.с.)пайғамбарымыздың хадистері

201. Дінді насихаттаймын деп, ұрандатып, шу көтеріп кету жараспайды. Өйткені сендерден бұрын өткен қауым шамадан тыс шу көтергендер болатын.

202. Мынадай екі табиғи өсімдікті (сарымсақ пен шикі жуа) жеп, мешітке кіруден сақтаныңдар. Егерде жеуге тура келсе, жақсылап пісіріп жеңдер.

203. Адамдар арасына өсек айту, жала жабу, өтірік сөздер тараудан сақтан.

204. Әрқандай хайуанның терісі өңделгеннен кейін таза деп есептеледі. (Адам мен доңыз терісі бұған жатпайды).

205. Кейбір адам адал кәсіппен мол дүние тауып, өзінің жеке басқалардың азық-түлігі, киім-кешегі үшін жұмсаса, соның барлығы садақа берген болып есептеледі.

206. Ей, адамзат, Алладан қорқыңдар, несібелеріңді адал, жақсы жолмен тауып жеуге харекет қылыңдар! Ешбір адам ризық-несібесін жеп тауыспайынша, дүниеден өтпейді. Ерте ме, кеш пе – оның бағы жанады. Сол үшін тіршілікті жақсы жолға қойып, харамын тастап, адалын алыңдар!

207. Өсімқор мен оған өсім берушінің күнәсі – бірдей.

208. Қауым иесі қол астындағы адамдарға қиянат жасап, алдаса, қиямет күні тозаққа түседі.

209. Бір әйелдің үш перзенті сәби күйінде қайтыс болса, олар қиямет күнінде анасын тозақтан бөлетін (жасыратын) болады.

210. Сүрме көзіңді әрлендіріп, кіпіктеріңді өсіреді.

211. Мазар (тола) және моншадан басқа жердің бәрінде намаз оқи беруге болады.

212. От басындағы үнемшілдік – бүкіл тіршіліктің тең жартысы. Адамдармен достасу – ақылыңның жартысы. Сұрау қойып, әдептілікті үйрену – біліміңнің жартысы.

213. Рұқсат үш рет сұралады. Сол аралықта рұқсат етілсе кір, етілмесе қайта бер!

214. Ислам, яғни мұсылманшылық жария нәрсе, ал иман – діліңде.

215. Аманатты сақтап, уағында тапсырсаң, ризығың көбейеді. Аманатқа қиянат жасау – несібеңді кемітеді.

216. Тыныштық пен алаңсыздық – екі ұлы игілік. Бұдан көп адам құр қалған.

217. Сабыр мен шыдам Алладан, күйгелектік – шайтаннан.

218. Иман мен іс-әрекет бір-біріне өте жақын. Бірінсіз бірі жақсармайды.

219. Бармақпен көрсетілетін дәрежеде даңққа бөлену – жаман. Бірақ Тәңір оны тәкаппарлықтан сақтаса, зияны жоқ.

220. Зекет беруші, қонақжай және мүсәпірлерге қамқор адам – бақастық пен сараңдық, қызғаншақтықтан ада болады.

221. Астың берекесі – жеудің алдында және соңында қол жуу.

222. Тойда момындар былай қалып, тек байлар ғана жеп кететін тағам – жақсы тағамға жатпайды.

223. Үйіне қонақ келмейтіндер – жақсы адамдар емес.

224. Қарапайым киіну – имандылықтың белгісі.

225. Барша жақсылық – қайырымдылықта. Барша күнә мен жамандық – ділдегі дұшпандық пен ұятсыздықта.

226. Жақсылық дегеніміз – нәпсің тиылып, жаның дем алатын істер. Жамандық немесе күнәкәрлық оның керісінше; сондықтан, тіпті мүфти рұқсат берген істі де өз ақылыңа салып барып істе.

227. Жақсылық ескірмейді. Жамандық – ұмытылмайды, жазалаушы (Алла) ұмытылмайды. Әділдіктен аттама, әділдігін қандай болса, күнәң сондай болады.

228. Бар бәле – тілден.

229. Өзара саудаласушылар ажырасуға ерікті (сауданы бұзу құқына ие). Екі жағы тура сөйлеп, саудаға түскен заттың артық-кемін, жақсы-жаманын жасырмай айтып саудаласқанда ғана – саудада береке болады. Егер жалған айтып, заттың мінін жасырсаңдар, сауданың берекесі азаяды.

230. Шындыққа қарсы байбалам салсаңдар да, шын сөйлеуге тырысыңдар. Сонда өзіңді құтқарасың. Пайда іздеп тұрсаң да, жалғаншылықтан сақтан. Өйткені, бәрібір өтіріктің құйрығы – бір-ақ тұтам.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 437 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 xayggeqkvobl  
0
http://bitly.com/2Wv7LU6

Имя *:
Email *:
Код *: