11:49
Мұхаммед (с.ғ.с.)пайғамбарымыздың хадистері

176. Қолыңда көшет тұрған кезде, қиямет-қайым болатынын анық білсең де, үлгерсең еге бер.

177. Бір нәрсеге мұқтаж болып, оны сұраудың қажеті туса, адал, жақсы адамнан сұра.

178. Қайғыға ұшырағанда шашын жұлып, бетін жыртып немесе киімін жыртып жылағандардан беземін.

179. Мен жетімнің кепілдігін алған адаммен жәннатта бірге боламын.

180. Достарыңа – адал не залым болсын, шын жәрдем бер. Сұрақ қойылуы мүмкін: «Қаналған адамға көмектесейік, залымға жәрдем беруіміз қалай болады?» Жауап берейік: «Оны зұлымдықтан тазартсаң, оған жасаған жәрдемің сол болады».

181. Өзіңе назар аудар. Сен қызыл не қара нәсілді адамдардан артық емессің, бәлкім, Алладан қорқу, мінәжат ету жағынан оның тілгеі қабыл шығар.

182. Алланың өзіңе берген несібесін алдымен өзің пайдалан.

183. Мас қылатын ішімдіктерді аз ішуге де рұқсат жоқ.

184. Дінбұзарлар – елден шыққан нағыз бұзықтар.

185. Құпия түрде де, жария түрде де құдайдан қорқуды өсиет етемін. Егер жаман іс істеп қойсаң, оны жуу үшін жақсы, сауапты іс атқар. Біреуден ешнәрсе сұрама, аманат ұстама. Екі кісінің ортасына үкім шығарма.

186. Сендерге мынаны өсиет етемін: сахабаларыма, олардан кейінгілерге ілесіңдер! Соңыра өтірікшілік кең тарайды. Тіпті адамдар сұрамаса да ант ішіп, жалған куәлік жасайтын болады... біліп қойыңдар: кейбір еркек бірер жат әйелмен оңаша отырса, үшінші боып шайтан тұрады. Үнемі көпшілікпен бірге болыңдар. Бұзылып кетуден сақтаныңдар. Шайтан жалғыз адаммен бірге болады, екі адамнан қашады. Кімде-кім жәннатқа барғысы келсе, көпшілікпен бірге болсын. Кімде-кім өзінің жақсы ісіне қуанса, жаман ісіне ренжісе, ол шын мәніндегі мұсылман.

187. Көршімен тату болыңдар.

188. Ислам дәуірінен бұрын ішкен анттарыңа опалы болыңдар. Әйтпесе, Ислам діні опасыздықтың күнәсін одан сайын арттырып жібереді. Бірақ Исламға кіргеннен кейін, жаңадан ант ішпеңдер.

189. Некелесу (үйлену) тойында бір қой сойсаң да, дастарқан жайып, дос-жараныңды шақыр.

190. Қандай адамдар жәннатқа баратыны туралы хабар берейін бе? Олар – әлсіз, Аллаға жалбарынушы жандар. Тозаққа баратындар – аса ауыр дұшпандық жасаушы, тәкаппар жандар.

191. Жақсылық пен жамандық туралы айтар болсақ, сенің жақсылығың – жақсылықтан үміттеніп, жамандықтан тыйылуың. Ала жамандығың – жақсылықтан үміттенбеуің, жамандықтан безінбеуің.

192. Ибадаттың жеңілі, ең оңай атқарылатыны – аз сөзділік пен кішіпейілділік.

193. Қиямет күні тозақ оты кімге харам екенін айтайын ба? Ол – өзі жуас, мінәйім, басқалармен қарым-қатынасы жақсы, ақылға сыйымды сөзге тоқтайтын адамдар.

194. Ораза, намаз, садақан да абзал іс бар. Ол – екі кісіні жарастыру. Біреулердің арасын бұзу – дінге қылаптық жасау, бүлдіру.

195. Араларыңдағы ең күштінің кім екенін айтайын ба? Ол – ашуы келгенде сабыр сақтап отыра алатын адам.

196. Атқарылып болғаннан кейін кешірім сұралатын істен сақтан.

197. Құлаққа жағымсыз естілетін сөзден сақтан.

198. Көшеде отырудан сақтан* (*біреулермен топ құрып, ішіп-жеу деген мағынада). Егер көшеде отырсаң ақысын өте. Әркімге көз салып, біреулерді жәбірлеме. Аман-сәлемің түзу болсын. Жамандықтан әр сәт сақтанып жүр.

199. Күмәншіл болма. Өйткені оның негізі – жалған. Біріңмен-бірің аңдыспа. Мол дүние жию үшін жарысқа түспе. Араларыңда тәуелділік, дұшпандық және араздық болмасын. Алланың өзара дос пенделері бошлыңдар. Біреулердің құдалығының үстіне, олар өзара келіскенше, не ажырасқанша құдаласуға бармаңдар.

200. Сауда-саттықта көп қасам ішуден сақтан. Өйткені ол алдын қойылтып, соңын сұйылтып жібереді.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 433 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: