22:42
Мұхаммед (с.ғ.с.)пайғамбарымыздың хадистері
  1. Байлардың үйіне азырақ барыңдар. Жиі бару – Алланың өздеріңе берген несібесін қадірлемегендік болады.
  2. Ақталуға көп әуестенбе.
  3. Абыройлы кісілердің қателік-кемшіліктерін кешіруге тырысыңдар.
  4. Алланың маңдайға жазғандарының барлығын туысқа да, жатқа да өтпелі нәрсе деп біліңдер. Алла жолындағы ізгі істеріңді кінәлаушылардың кесірінен тоқтатып қойма.
  5. Күнәнің үлкені – Аллаға шәк келтірушілік, нақақтан қан төгу, ата-анаға тіл тигізу, өтірік куә болу.
  6. Бұл дүниеде қисынсыз көп сөйлеген адамның ол дүниеде (қияметте) күнәсі көп болады.
  7. Рақатшылықты жоятын нәрсені – өлімді көбірек ойлаңдар. Кім кембағалдықты, өлімді көбірек ойласа, түбінде сол бай болады.
  8. Адам бәлені көбінесе тілінен табады.
  9. Перзенттеріңді құрметтеумен бірге: мінез-құлқын жақсы тәрбиелеуге күш салыңдар.
  10. Нанды қадірлеңдер!
  11. Діндарлардың имандылығының кепілі – мінез-құлқының жақсылығы, әйелдермен сыпайы қатынасы.
  12. Біліп қойыңдар: ашу адамның ішіндегі жанып тұрған шоқ сияқты. Байқасаң, ашуы келген адамның көзі қызарып, тамыры адырайып кетеді. Егер біреулерің сондай күйге түсіп қалсаңдар, жерге отыра қалыңдар. Біліп қойыңдар: жақсы адамның ашуы жай келіп, тез қайтады. Жаманның ашуы тез келіп, жай қайтады. Ашуы жай келіп, жай тарқаса немесе тез келіп, тез тарқаса, бұл да дұрыс. Біліп қойыңдар: саудагердің жақсысы сауда-саттық ісінде әдепті болады. Жаманы дөрекі келеді. Осындай әдеттен сақтанған жөн.
  13. Біліп қойыңдар: әрбір қиянат жасаушы қиямет күні қиянатының мөлшерін таныту үшін байрақ көтеріп жүреді. Қиянаттың үлкені – әкімдердің жалпы халыққа істеген қиянаты. Ақиқатты білген кісінің соны айтуына басқалардың ғайбат сөзі бөгет жасамасын. Біліп алыңдар: дін үшін болатын соғыстың абзалы – залым патшаның алдында айтылған хақ сөз. Есіңде болсын: өміріңнің қалған бөлігі өмір сүріп отырған күніңнің қалған бөлігіне ұқсайды.
  14. Әуелі анаңа, тағы да анаңа, тағы да анаңа, содан соң Отаныңа жақсылық жаса.
  15. Алла – сұлу, сұлулықты жақсы көреді.
  16. Алла – кешірімпаз, кешірім жасағыш адамдарды өзіне дос санайды.
  17. Алла – жомарт, жомарттарды дос тұтады. Мінезі жақсы адамдарды ұнатып, мінезі жаман адамдарды жек көреді.
  18. Қазылар залымдық жасамаса, Алла солармен бірге болады. Егер залымдығын сезіп қалса, өзі қашықтап, шайтанды қалдырып кетеді.
  19. Алла менің үмбеттерімді қисық жолға бастамайды, Алла көпшілікке көмектеседі. Кім көпшіліктен ажыраса, тозаққа бет алғаны дей бер.
  20. Алла сендердің сырт көріністеріңе немесе дәулеттеріңе қарап емес, ниеттеріңе, іс-әрекеттеріңе қарап баға береді.
  21. Алла бұзықтық жасаған, ұятсыз сөздерді сөйлей салатын арсыз адамдарды жек көреді.
  22. Алла достарына қабағын ашпай, түксиіп қарайтындарды жақтырмайды.
  23. Алла қайғы-қасіретті адамдарға жәрдемдескендерді дос тұтады.
  24. Алла әрбір істе сыпайылықты жақсы көреді.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 467 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: