11:14
Мұхаммед (с.ғ.с.)пайғамбарымыздың хадистері
  1. Егер сөйлем отырған адам жан-жағына қарағыштай берсе, бұл тек өзіне айтылған аманат* (бұл жерде: айтушы құпияны ашып отыр деген мағынада).
  2. Қайсыбіріңізге Раббым бір кәсіп арқылы ризық бермек болса, сол кәсібіңнің өзі өзгермейінше тастама.
  3. Сауабы тиетін іс істегенде қуаң, күнә жасаған кезде ренжі, сен сонда ғана шын мұсылмансың.
  4. Бірер кісіден: «Адамдар бұзылып кетті», - деген сөзді естісең, біліп қой: сол адамның өзі бұзылған.
  5. Көршілерің сені жақсы адам дейтін болса, жақсысың. Егер олар жаман дейтін болса, демек, жамансың.
  6. Менен аңыз болып тараған бірер хадисті естігендеріңде: ділдеріңе жақын, денелеріңе әсер ететін және ақылдарыңа сыйымды болса, демек, ол менің айтқан сөзім. Ал естіген хадистерің бұған керісінше болса, демек, ол менің айтқан сөзім емес.
  7. Бір жерде оба ауруы бар деп естісең, ол жаққа барма. Егер өздерің тұрған жерге оба ауруы тараса, ол жерден қашпаңдар.
  8. Халықтың ішінен қырық кісі немесе одан да көбірек адам бір іс туралы куә болса, Аллаһ олардың куәлігін қабыл етеді.
  9. Бір момын екінші бір момынның басына тау құлатса, періштелер сол тауды қайтадан орнына қойғанша лағынет айтып тұрады.
  10. Қашанда бір күнә жасап қойсаң, соны жуу үшін соңынан бір сауабы бар, қайырымды іс істе.
  11. Қайсыңды болмасын ашу қыса бастаса, сабыр сақтауларың керек.
  12. Адамға ашу түрегеп тұрған кезінде келсе, дереу отыра қалсын. Егер ашуы сонда да басылмаса, жатып алсын.
  13. Қашанда діндарлар ортасын қаскөйлік дерті кеулесе, ағаштан қылыш жасп ал* (қаланың әкіміне айтылған хадис).
  14. Патшаларың жақсы, байларың қайырымды, жұмыскерлерің ынтымақты, бірлікшіл болса, сендер үшін жердің астынан – үсті абзал. Егер керісінше болса, жердің үстінен – асты абзал.
  15. Егер үш кісі болсаң, екеуің үшінші адамға естіртпей, сыбырласпаңдар, өйткені бұл қылық оның ренішін оятады.
  16. Кімде-кім өзінен байырақ немесе ақылдырақ адамды көріп қалса, дереу өзінен кедейірек әрі ақылсыздау адамдардың бар екенін есіне алсын.
  17. Дүниеден өтіп кеткендердің тек жақсы жақтарын ғана еске алыңдар. Жаман жақтарына келгенде, тілге тыйым салыңдар.
  18. Адамдардың төрт түрін аллаһ жек көреді: ант ішкіш саудагерді, тәкаппар кембағалды, зинақор кәріні және залым патшаны.
  19. Тісін жуып, тазалап жүретіндер – тазалыққа дағдыланғандар. Қайталап істелетін дағдылы істерді меңгеріңдер, өйткені мұндай істерді Раббым жақсы көреді.
  20. Өлмей тұрып, даярлығыңды тексеріп қой.
  21. Адамдарға жақсылық жасау, туған-туысқандармен жақын байланыс жасап, хал-ахуал сұрасып тұру – сауабы тиетін қайырлы істер. Залымдық және туыс-туғандардан қол үзіп кету – жазасы тез білінетін істер.
  22. Барлық істе турашыл болып, адамдармен сыпайы қатынас жасаңдар.
  23. Өзгеге кең пейілді болсаң, олар да саған пейілмен қарайды.
  24. Тіпті сендерге мейіздей қап-қара эфиопиялық құл басшы болып сайланса да, оны тыңдаңдар,бойұсыныңдар.
  25. Бұл дүниеде адамдарды қатты азаптайтындарды – Аллаһ қияметте аямай жазалайды.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 464 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: