12:56
Ұлы Жеңістің 66-көктемімен!

ҚҰРМЕТТІ САЙТҚАРАУШЫ ҚАУЫМ!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл екі мереке бір бірімен өте тығыз байланысты. өйткені өткен мен болашақты сабақтастырып тұрған бұл мерекелер жас ұрпақ пен ата ұрпақты бірлестіреді, ұштастырады. Отан қорғаушылар мен қан майданда Отанын қорғағандардың мерекелерінің тұстас келуі де кездейсоқтық емес. Ата ұрпақ кезіндегі ортақ Отанды қорғап, ерлікпен күрессе, жас ұрпақ тәуелсіз Қазақ елін қорғап, елдің тыныштығы, шекараның амандығы жолында қырағылықпен қызмет етіп келеді. Жеке ел болғалы қайтадан құрылған қазақ әскерінің сарбаздарына Ата ұрпақтан алар үлгі-өнеге аз емес. Міне, ел қорғау, Отанын сүю жолындағы осындай асыл қасиеттерді жас ұрпақтың бойына сіңіру баршамыздың міндетіміз, абыроймен атқарар қызметіміз. Осы атаулы мерекелер күні Сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға береке-бірлік, бақытты өмір, мықты денсаулық тілеймін. Қарттарымыз аман-сау болып, Қазақ елі жасай берсін!

Просмотров: 746 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: