00:38
Ұлы Жеңіске - 67 жыл!

АРДАГЕРЛЕР КЛУБЫ АШЫЛДЫ

Ал мерекенің тұздығы ретінде жергілікті әкімшілік ғимаратында «Ардагерлер клубы» ашылуын ауыз толтыра айтуға әбден болады. Көптен бері тіленіп те,сұранып та жүрген осынау клубтың қызыл лентасын кесілді. Мерекелік дастархан басында жиналған соғыс және тыл ардагерлері, еңбек ардагерлері қуанышында да, ризашылығында да шек болмады. Ауыл әкімі Балтабаев Е.Н. мұрындық болуымен есігін айқара ашқан «Ардагерлер клубы» баянды болашақта ауылдың саяси-әлеуметтік, қоғамдық-көпшілік өмірінде елеулі орын алатынына сенім білдірілді. Ауылымыздың ардагерлер Кеңесінің төрағасы Темірғалин С.Ә. өз сөзінде осынау клубтың қажеттілігін шегелеп тұрып айтты.

Ашылу салтанатына келген ауылдың бас дәрігері Тюлюмбаева Ж.Қ., Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Белгібаева А.М. «орамал тоң болмаса, жол болады» дегенді ту етіп үр жаңа клубқа кәде-сыйлықтарын шын жүректен тарту етті. Ибраһим Б.К., Сейітова Л.Қ. құрметті ардагерлерге қазақы әндер шырқап берді.

Просмотров: 896 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: