00:36
Ұлы Жеңіске - 67 жыл!

ЖЕҢІС АЛАУЫ!

Әр мамыр сайын сағындырып келетін жауһарлы-жадыралы Ұлы Жеңіс күні Бесқарағай ауылында жылда ерекше екпінмен, бекем белсенділікпен аталып жүргені қашан. Биыл да бесқарағайлықтар Жеңісті сондайма алаулатып-жалаулатып һәм сырнайлатып-кернейлетіп мерекеледі.

Ауа-райы қабағын ашып, алтын Күн нұр-сәулесін жылы жібектейін шашып мейрамның ажарын көктемдете, әсемдете түсті.

Алдымен Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан Бесқарағай ауылының жүрегінде түгі болған сарбаздары ескерткіш-естелігі болып табылатын Обелискте ұйымдастырылған митингте арамызда өкінішпен сиреп бара жатқан соғыс және тыл ардагерлері, жанжарлары, балалары жүрекжарды тілектеріне ерік берді. Айталық, ардагер ұстаз Ақатаев Д.А., кеше ғана арамызда болған, биыл мәңгілік сапарға аттанған ардақты соғыс ардагері Жанпейісов Зейнолла ақсақалдың жұбайы Мұғзира әженің, ауыл имамы Оспанов Жамбыл ақсақалдың тілектері сондай өтімді, сондай сезімді болды. Ал бастауыш сынып оқушылары мереке тақырыбын қамтыған әдеби монтаж оқыды. Митинг соңында ауыл имамы соғыста қаза тапқан, із-түзсіз жоғалған, концентрациялық лагерьлерде азаптап өлтірілген сарбаздар аруағына құран бағыштады.

Мереке шеруі Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің алдында «Жеңіс алауы!» атты концерттік бағдарламамен жалғасты. Ауыл әкімі Балтабаев Е.Н. өз құттықтау сөзінде өскелең ұрпаққа өмір һәм бейбітшілік сыйлаған соғыс жәнетыл ардагерлерге шексіз алғысын білдіріп, ұйып тыңдаған көрермендерге өмірдің барлық жақсылығын тілесе, Сейітова Л.Қ. соғыс ардагері Зейнолла ақсақал марқұмның «Ардагерлерге арнау» өлеңін тебіреніспен оқып берді.

Концерт барысында импровизацияланған сахнада Ибраһим Б.К. өнерімен ойқастады. Айталық, жеке өзі «На поле танки грохотали», «Под звездами Балканскими», «День Победы» атты бірегей әндерді нақышына келтіре шырқаумен тоқтамай, Сейітова Л.Қ. жұптасып «Надежда», ал Берденов Ү. жұп құрап «Сырласу вальсі» әндерін де орындады. Бұдан басқа 6 сынып қыздары қазақ биін, 3-4 сынып оқушылары «Катюша», ал 3 сынып оқушылары «Жаса, Қазақстан!», Сейітова Л. «Сарбаздар», 11 сынып оқушысы Жүнісова Ә. «Әлия», 8 сынып оқушылары «Туған елім» әндерін құрметті көрермендер назарына мейілінше орындады.

Просмотров: 1217 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: