12:01
Ұлы Жеңіс ұлағаты

ЕРЛЕРДІҢ ЕРЛІГІНЕ БАС ИЕЙІК

(Ұлы Отан соғысының жанды куәгеріндей ортамызда асыл қазынамыздай күні кеше ғана жүрген, жуырды тоқсан жеті жасқа қараған шағында дүниеден озған Павлодар облысы Аққулы ауданына қарасты Бесқарағай ауылының соғыс ардагері Қасенов Қаблен ақсақалдың бірегей баһадүрлігіне арнау)

Ерлердің ерлігіне бас иейік,

Ерендете қара өлеңнен жыр төгейік.

Күркіреп күндей өткен сұм соғыста,

Жеңіс үшін қан төккенін біз білейік.

 

Қасенұлы Қаблен жайлы сөз етейік,

Азаматтық парызды да біз өтейік.

Жырға қосып ақсақалды ардагерді,

Зор тағылым тереңіне біз жетейік.

 

Нәубетті соғыстың екінші жылында,

Қиын-қыстау сұр күздің қазан айында,

Келіп түсті Оңтүстік-Батыс майданына,

Атқыштар дивизиясының полк құрамына.

 

Арпалысты Жеңіс үшін қан майданда,

Талай күн, талай түн һәм кеш, азанда.

Жараланып, госпитальдан шыққаннан соң,

Жіберілді Украина майданына.

 

Бола білді бөлімшенің командирі,

Тықсырды фашистерді қайта, кері.

Екі рет жараланған Қаблен атаны,

Кейіннен қарсы алды Белоруссия жері.

 

Боратты сұм фашиске күш, соққыны,

Таусылмады қайсар біткен күш толқыны.

Берлинге тақау жатқан бір биікте,

Жеңіске шақ қалғанда жараланды.

 

Қарсы алды Жеңіс күнін госпитальда,

Қуанып, жылап-сытап май мамырда.

Атқарып өз борышын зор құрметпен,

Қаблен ата елге оралды тамыз айында.

 

Орден, медаль – сұм соғыстың шын белгісі,

Қаблен ата – жар Жеңістің шын үлгісі.

Өлімменен арпалысты ұрпақ үшін,

Болдыртпады, көрсетпеді жау езгісін.

 

Ерліктерін ерлердің елі елейді,

Құрметпенен ерлерін елі бөлейді.

Қатарларын сиретуде жалған заман,

Өлсе-дағы ерліктері еш өлмейді.

 

Жеңістің құтты болсын зор мерейі,

Болмасын Жер-Жаһанда соғыс үрейі.

Жасасын Бейбітшілік, аспандасын,

Өшпесін ардагерлер Даңқ мерейі.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 412 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: