10:21
Ұлы Даланың рухани жауһары

К.ОРАЗАЛИН / АБАЙДАН СОҢ

Бақанас жайлауындағы Көкбай үйінде Меккайіл мен Мұхтар бар. Абайдың ақын шәкірті Ойқұдықта қойылған «Еңлік-Кебек» пьесасы туралы көсіле сөйлеп, өз пікірін жария етеді.

Абай ауылынан басталған жаңалық Абайдың көзі тірі кезінде басталған ру тартысын өршіте түседі. Оған басты себеп – пьесада ел аруғына сиынатын Кеңгірбай биді Еңлік пен Кебекті өлтіруші етіп көрсетті деп кінә артады. Бөкенші мен Жігітек руларының ішінен ұрлық жасағандары үшін Сібірге айдалған адамдарының кегін алуды көздеушілер көп болатын. Олар ел арасы жақын келгендіктен, бүкіл найман елін кісі өлтіруші етіп көрсетті деп жазғырады. Осылайша қалың ел арасында наразылықтар өршиді. Ел арасының осы наразылық тартысын басу мақсатында Тастүлекте пьеса қайта қойылды, Көкбай жаңалық дүниесін көру үшін, ел арасындағы өнерлі жігіттеріне тегіс хабар тараттырады. Ағашаяқ, Қалибек, Әмірелер ел алдына шығады. Осы кезде Шаған болысының ел билеушілері ұры атандырып, айдатып жіберген Тәуке оралады. Тәуке Қарақұмнан қашып шығып, Абай еліне керейдің Жекебай батырын ерте келеді. Аз уақыт өтпей жатып жетісулық Жүрсінбек байдың Айсұлу атты қызын Тәуке елсізде ұстап алып, қолында сақтағандығы көптеген пәлелерді Тәукеге жауып, Тоқықтылар Тәукедей ұрыны ұстап отыр, оны заңға ұстап бермейді деп ақыры сотты Ташкенттен алады. Тобықты елінің Шәкәрім, Көкбай, Меккайіл бастаған алпыс адамын ұстатып Сергиополь түрмесіне жабуға алдырады. Бұл жағдайды естіген Тәуке алпыс кісіні абақтының жауабынан босаттырып, өзі кеп абақтыға жатады. Кейіннен қыз бенен Тәуке беттескенде Айсұлу батырды түрмеден шығарып жібереді. Ел арасының наразылығы ұлғайып Ойқұдықта төрт арыстың басшылары жиналып, Мұхтарды жазалауды тілейді. Бірақ Абай ауылы ақсақалдық биліктің бұл шешіміне көнбейді.

Бұл кезде Орынборда қазақтардың алғашқы съезі өтіп, ол жедел ІІ съезді өткізуге қаулы етеді.

Өз билігін ғана ойлап жүрген Сәлкен төренің ол туралы да түсінігі шамалы еді. Абай ауылының басшылары Алашшылардың ұйымына мүше болмайды. Осы тұста Мұхтардың «Адамшылықтың негізі – әйел» атты алғашқы мақаласы «Арқа» газетінде басылады. «Абай» журналын шығару туралы келісімге қол жеткізіледі.

«Шәкәрімнің Саят қорысындағы кездесуі» тарауында елмен Шәкәрімнің жан-жақты байланысы сөз болады. Ол Әзімхан, Мұсабай. Шөпіштердің Абай ауылдарына біріккен шабуылынан басталады. Бұл жанжалға темір жолда жұмыс істеп жүрген орыстар да араласады.

1916 жылғы әскерге шақырылуға Ағзам да ілігеді. Ең ауыр жағдай – Қасымбектің дүниеден кетуі. Райханнан дүниеге келген Мұғалиманың шілдеханасында Мұхтар – Сұлтанмахмұт, Иса, Жүсіпбек, Жұмат, Жанбикелермен кездеседі. Бұлар Қамбар мен Назымды сахналайды. Кітапта Мұхтардың Алашшыларға көзқарасы және жаңа дүние жаршыларымен оның байланысы кеңінен суреттелінеді. Әуез ақсақалдың дүниеден қайтуы, Мұхтардың Семей коммунистері Шугаев, Никитиндермен пкірлес болуы, жаңа дүние жаршысы бола бастаған Мұхтардың алашшылардың Семейге қоныс аударуына да пікірлестігі көрініс береді. Бірақ, ол атаған партияға мүше болмайды.

Мұхтардың туған халқы үшін бар білімін жұмсауға, тартынбай жаңалық атаулыға ұмтылысы айшықты тілмен таратыла суреттелінеді.   

 

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 599 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: