10:20
Ұлы Даланың рухани жауһары

К.ОРАЗАЛИН / АБАЙДАН СОҢ

Кәмен Оразалиннің «Абайдан соң» романындағы ірі оқиғаның бірі Қаражанның ағасы Аймағанбеттің Жүзтайлаққа құда түсуі. Көксеңгір мен Зайсанда жасалған байлардың тойындағы іс-әрекеттер, Мұхтарды сүсйсіндірген өнерлі жастар да оқиғаларды қызғылықты ете түседі.

Мұхтар үш жыл бойы жазғы демалыстың кезінде де елге қайтпай қала кітапханаларында білім іздеумен болады. Елге оралғаннан кейін, күніне бір мезет жайлау өңірін аралап серуендеуді әдетіне айналдырады.

Бүгін ұзаңқырап кетіп қайта оралған еді, ағасы Қасымбектің іздеп жатқанын естіп, ағаш ішінен оның өзіне жасап берген саяжайына келді. Семинарияны бітірген Қасымбек енді Ресей қаласының бірінен жоғарғы білім алуға ұмтылады. Бірақ оның денсаулығы күн санап төмендеп, ол еркіне жібермейтін сияқты. Сондықтан да ол үміт етіп жүрген інісі Мұхтардың ілгерілеп білім алуын қадағалайды. Бұлардың әңгімесінде орыс халқы мен Еуропа жазушыларының еңбектері туралы әңгіме қозғалады.

Абайға жаулық жасалған Көшбике де Мұхтарға үлкен әсер етеді. Тәуке мен Жекебайдың оқиғаға араласуы романды ширықтыра түседі. Мұхтарға айттырылған қалыңдық Әйкежанды қашқын Серікқұлға өңгертіп жіберген Мұсабайдың қастандығы әшкереленеді.

Көксеңгірде Жүзтайлаққа Қаражанның той жасауы жалпақ елді дүбірлетеді. Тойда Тәуке, Ағашаяқтар ерекше көзге түседі. Мұсаның ерлік көріністері де осы тойда бой көрсетеді.

Оқыған жастарды жинап алып, Сәлкен төренің Тәшеннің қызы Жамалға Мұхтарды үйлендіргісі келуі де осында сөз болады. Тойдың соңы Қоянды жәрмеңкесін қазақ байларының бірлесіп, орыс капиталистерінің тартып алуы әңгіме етіледі. Осы кезде Абайдың өлең кітабын шығару мәселесі де қолға алынады.

Мұнымен бірге «Еңлік-Кебек» пьесасын Мұхтардың өзі жазып, Ойқұдықта қоюы да суреттеледі. Пьеса Абайдың өз үйінде қойылады. Бүкіл сахара елін ұйқысынан оятқандай болған «Еңлік-Кебек» оқиғасының атақ-абыройы елге тез тарайды. Абай ауылынан басталған бұл жаңалық бірден бірге тез тарап, үлгі-өнегесін шаша бастайды.

Романда Мұхтардың 1916 жылы Шаған елінде мектеп ашуы да кеңінен суреттеледі.

Мұхтардың Мағауия қызы Кәмешпен көңілдестік, достығы да осында суреттеледі. Мұсабай өзінің кегін қайыру мақсатында Мұхтар мен Кәмешті айырып, Кәмешке құда түседі. Абай ауылының құда болуға наразылығы болғанмен қарсы тұра алмайды. Осыдан келіп, Әуез ақсақал Мұхтарды Торғай руының Кәкен деген адамының Райхан деген қызына үйлендіреді. Зорлықпен үйленген Мұхтар мен Райханның арасында келіспеушілік ұлғая бастайды. Кәкеннің ойы Мұхтар болыс боп,ел билесе, оқымай-ақ юолыс болса деп ойлайды. Осы үшін Кәкеннің ағайындары да кісілік тізгінін қолдарына алуларын армандайды. Сәлкен төре «Алаш орда» туралы тиіп-қашып сөз етеді. Оның негізгі мақсаты оқыған жастарды тек өз маңында ғана арқандап ұстауды көздейді. Сәлкен төре алашшыларды сөз еткен боп, өзінің үстемдігін орнатып, әкім болуды армандайды. Мұхтардың білімдарлығына қызыққан ол оны өзінің көмекшісі етіп алуға жанталасады. (жалғасы бар)

 

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 661 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: