Главная
Регистрация
Вход
Суббота
23/09/2017
18:53
Приветствую Вас Гость | RSS
shakhibbeker - ресми сайт

Меню сайта

Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 367

Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0

  
Главная » 2017 » Апрель » 11 » Ұлы Дала елінің дарабоздары
19:30
Ұлы Дала елінің дарабоздары

РАЙЫМБЕК БАТЫР

Райымбек – батыр, қолбасшы, Ұлы жүз албан ішіндегі алжан руының сырымбет тармағынан. Атасы Хангелді батыр XVIII ғасырдың 1-жартысында жоңғарларға қарсы күресте аты шығып, 1733 жылы Төле, Қодар билер, Сатай, Бөлек батырлармен бірге Ұлы жүз қазақтары атынан орыс патшасымен Анна Иоановнаға елші жіберген. Райымбек батыр 17 жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерлік көрсетіп, батыр атанды. Қалмақтың Бадам, Қорын, Ағанас, Секер, т. б. хан, ноян, батырларын жекпе-жекте жеңіп, Қаратау өңірі мен Жетісуды жаудан азат етуге басшылық жасағандардың бірі болған. Торайғыр және Сөгеті таулары аралығындағы «Ойрантөбе» деген жерде өткен шайқаста көзге түсті. 1733 жылы Бөлек батырмен бірге елші болып барған.

Райымбек заманында ұйымдастыру қабілеті жоғары, сарбаздарын жеңіске жігерлендіре білген қазақтың білікті қолбасшыларының бірі болған. Жан беріп, жан алысқан жаугершілікті заманда аяқ астынан күтпеген қиындықтар пайда болып, қалың қол тығырыққа тіреліп, не істеу керектігін білмей тұрғанда қолбасшы Райымбектің қиналмай жол тауып, әскерді аман алып шыққан талай ерліктері ел есінде сақталып қалған. Солардың бірі қамалып келіп қалған қалмақ қолынан ығысып барып, жауынгерлері буырқанып тасып жатқан Ілеге тіреліп, не істерін білмей тұрғанда қолбасшы Райымбектің көзсіз ерлікке барып, әскерін өзінен аман өткізуі. Райымбектің үнемі Ұлы жүз қолының атақты батырларымен тізе бүктіре отырып, атамекенді жаудан тазартудағы ерліктері ұрпаққа үлгі боларлықтай. Ол талай рет шағын топпен жау шебіне барып, тосыннан тиісіп, қарсы жақты ойран-топан етіп отырған. Оның ерекше көзге түсіп, ерен батырлығын танытқан «Ойрантөбе шайқасы» сондай шабуылының бірі ғана.

«Ақтабан шұбырынды» кезінде жау қолын бөгеп, босқан елдің қырғынға ұшырамай, аман құтылып кетуіне мүмкіндік жасаудан басталған батырлардың ерлік жолы Жетісу жері азат етіліп, жоңғарларды Тұрпаннан асыра қуған жеңіс жолына үлессіз келіп жалғасады. Ол осы кездің бәрінде аттан түспей, қарулас серіктерімен бірге талай шайқастарды бастан өткізеді.

Райымбек батырдың ерекше еңбегін оның есімі албан тайпасының ұрпағына айналғанынан да білуге болады. Көзі тірісінде «көріпкел», «әулие» атанған. Райымбек батыр Алматы алқабында Шілік, Жалаңаш өңірінде тоған қаздырып, су шығарып, егін ектірген.

Жазушы Ж.Тұрлыбайұлы роман, ақын М.Мақатаев «Райымбек, Райымбек» атты поэма жазған.

Алматы облысында Райымбек есімімен аталатын жер-су аттары көп кездеседі. Торайғыр тауындағы Айырлы асуының маңында «Райымбек бастауы» бар. Алматы облысының Нарынқол, Кеген аудандары бірігіп, қазірде Райымбек атымен аталады, онда батырға ескерткіш орнатылған.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 84 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:

Вход на сайт

Поиск

Календарь
«  Апрель 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • База знаний uCoz

  • Copyright MyCorp © 2017
    Конструктор сайтов - uCoz