17:00
Ұлы Дала елінің қазынасы

ҚАЗАҚТЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРЫП, ЖӨН-ЖОСЫҚТАРЫ

  • Далада, жолда тұрған жалғыз ағашты кеспейді. (ол қыста белгі, жазда пана ретінде сақталған).
  • Өліара кезінде жұмыс бастамайды, көшпейді, той жасамайды.
  • Буаз, төл ерткен аңды атпайды.
  • Халық жердің, судың, ауаның, тазалығын сақтауды ежелден сақтай сақтай білген, өсімдіктерді құрып кетуден сақтау үшін жиі-жиі қоныс аударып отырған.
  • Жаңа өсіп келе жатқан көкті жұлмайды. «Көктей солғыр» деген қарғыс осындайдан шыққан.
  • Жаңа айды көргендер «ай көрдім аман көрдім, ескі айда есірке, жаңа айда жарылқа» деп бата жасайды.
  • Күн күркіремей суға түспейді, дала жуасын жемейді.
  • Түнде суға бармайды, суға түспейді. Адам шошынуы немесе ауруға шалдығуы мүмкін.
  • Отпен ойнамайды, отқа түкірмейді, отты аттамайды.
  • Құдыққа түкірмейді, маңайын ластамайды.
  • Кірдің суын есік алдына, аяқ басатын жерге төкпейді.
  • Күлді баспайды, үй жанына төкпейді.
  • Суды қарызға сұрамайды және қарызға бермейді. Су сұрағандарға беру міндет. Су бермеу – өте жаман іс.
  • «Судың да сұрауы бар» деп қазақ суды да ысыраптамаған. Су ішіне дәрет жібермейді.
  • Өрттен немесе басқа табиғи апаттан құтқару жұмысына шақырмай-ақ бару міндет.
  • Батар күнмен таласып жұмыс істемейді.
  • Күн батар кеште ұйықтамайды.
  • Көшкен үйдің жұртына үй тікпейді.
  • Жар басына, суға өте жақын жерге үй тікпейді.
  • Күнге, Айға қолын шошайтпайды.
  • Құмырсқаның илеуін, құстың ұясын бұзбайды. Құмырсқаның илеуін басқан әйел әйел бала көтермейді деген қағида бар.
  • Жол үстінде көлік доғармайды, жол үстіне қонбайды, дәретке отырмайды.
  •  «Ауруға шалдығады» деп жаңа туған баланың жолдасын аяқ баспайтын жерге терең қазып көмген.
  • Аспаннан бір жұлдыз ағып түссе оны көрген адам «менің жұлдызым жоғары» деу керек.
  • Тұз – қасиетті зат. Сондықтан оны баспайды, далаға төкпейді, ысыраптамайды.
  • Ит – жеті қазынаның бірі. Күшігінен асыраған ит өлсе, иесі оның аузына нан мен май жағып, аулаққа апарып көмеді.
  • Уылдырық шашар кезде балық ауламайды.
  • Терісі бағалы аңдарды оның жүні жетілген кезде, яғни қысқы күндері, көктем басында ғана аулайды.
  • Түнде астың, судың бетін жауып қояды.
  • Үйге (көбінесе киіз үйге) кірген жыланның басына ақ құйып (айран, сүт т.б.) шығарып, өлтіреді.
  • Малды зәбірлемейді, басқа ұрмайды, теппейді.
  • Мал қорасы ішіне дәретке отырмайды, малдың киесі соғады рәі мал басы өспейді.
  • Жауынды, дауылды, боранды күндері жолға шықпайды, өмірге қауіпті.
  • Дінін сатпайды. Ондайлардың жазасы – өлім.
  • Аллаға, дінге, аруаққа қарсы ғайбат сөз айтпайды. Ол – дінсіздердің ісі.
  • Мұсылман баласы қабір тұсынан бет сипамай, дұға оқымай өтпейді.
  • Таныс адамдардың қазасын естігенде «иманды болсын» деп бет сипайды.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 599 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: