13:25
Ұлы Дала елінің қазынасы

ҚАЗАҚТЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРЫП, ЖӨН-ЖОСЫҚТАРЫ

  • Сұрағандарға қарыз беру – үлкен адамгершілік. Егер сұраған адам «пайғамбар қарызы» деп сұраса оған сөз айтпай беру керек. Пайғамбарды атағаны оның қатты қысылып тұрғандығының әрі сөзсіз қайтаратындығының белгісі әрі кепілі.
  • «Жылу» жинағанда ел-жұрт көмек береді (мал, ақша, т.б.).
  • Иесі сатқан малының сілекейін орамалмен сүтіп алады. «Мал сілекейі» деген бұл ырым мал басы кемімесін, киесі кетіп қалмасын деген қағидадан шыққан.
  • Үйге келген кісіні жылы шыраймен қарсы алады.
  • Ұзатылып бара жатқан қыз артына қарамайды.
  • Біреудің жақыны (әкесі, шешесі, бауыры, баласы, т.б.) қайтыс болса, сыйласқан адамдар сол кісіні үйге шақырады. Бұл ұлттың ежелден келе жатқан дәстүрі.
  • Жігіт – қызға, жас палуан – қарт палуанға, жас ақын – аға ақынға жолын береді. Бұл –  мәрттіктің, қазақтық қалыптың шын белгісі.
  • Көршімен тату тұру жақсы қасиет.
  • Туыс-туған, ілік, жекжаттармен араласып-құраласып тұру – ұлттық паыз.
  • Жақын-жуық, дос-жарандарды үйіне шақыру, олар шақырғанда кешікпей бару – ежелден қалыптасқан дәстүр.
  • Қарттарға сәлем беру, науқастың көңілін сұрау – азаматтық үлкен міндет.
  • Күйеуі қайтыс болған әйел жыл толмай тұрмысқа шықпайды.
  • Нағашы-жиен, жезде-балдыз жарасты әзілдесіп, қалжыңдасып отыруы – ежелгі әдет.
  • Екіқабат әйелден айырылыспайды, сол сияқты ондай әйелмен некеге отырмайдыы. Әйел босанғаннан кейін рұқсат етіледі.
  • Үлкен кісілер жақсы көрген жасты арқасынан ғұрып бар.
  • Баласына қалыңдық іздеген аа-ана әулетінде ұрпаққа зиянды, тұқым қуалайтын ауруы жоқ отбасына ғана құда түседі.
  • Жұқпалы ауру, қояншық, алапес дерттерінен өлген адамдарды оқшау жерлеген.
  • Қайтыс болған ұлының әйеліне атасының үйленуіне жол жоқ.
  • Оң жақта отырып екіқабат болып қалған қыз қалыңдықсыз беріледі.
  • Әйелдер қолын жумай мал желінін ұстамайды.
  • Кірдің суы аяқ басатын жерге, көз көретін жерге төкпейді.
  • Күлді баспайды.
  • Жыртқыш, арам құстардың етін жеуге болмайды.
  • Жол, жөн сұрағандарға бағыт сілтейді, жолға салады.
  • Шаршап-шалдыққандарға сусын, тамақ беріп, қамқорлық жасайды, тыныс алдырады.
  • Қиын сәттерде жолдасын жолға тастамайды.
  • Дастарқан үстінде әбес, былапыт сөз сөйлемейді. Мұндайларға «дастарқан үстінде отырмыз» деп ескерту жасайды.
  • Біреудің үйінде ірілік, дөрекілік жасамайды. Ондай жағдайда «шаңыраққа қара» деген зіл айтады.
  • Үкі тағылған, яғни айттырылған қызға құда жібермейді, сөз салмайды.
  • Арақ ішу – жамандықтың тура жолы.
  • Ұзатылған қыз жыл толмай өз үйіне келуіне рұқсат жоқ. Ол әбестік, ұят іс болып саналады.
  • Қазақ әйелі орындықта аяғын айқастырып отырмайды.
  • Ұры, барымташы қылмыс үстінде қаза тапса, оған құн төленбейді.
  • Асарда, үмеде, қолғабыста ешкім еңбегіне ақы сұрамайды.
  • Қарызға алған ұрғашы мал жыл өткен соң төлімен қайтарылады.
  • Әкесіз бала туған әйелге құрмет көрсетілмейді.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 571 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: