23:46
Ұлы Дала елі

ҮЙ ЖИҺАЗДАРЫ

  • Үй жиһаздары – үй ішіндегі дүние, мүліктердің жалпы атауы.
  • Адалбақан – киім ілуге арналған ашалы, ою-өрнекті ағаш.
  • Асадал – ыдыс-аяқ қоятын жәшік.
  • Абдыра (әбдіре) – зат, киім, бұйым салып қоятын үлкен сандықтың қарапайым түрі.
  • Сандық – зат салатын оюлы, сырты темірмен қапталған үй мүлкі.
  • Сандық ап – көшкенде қажалмас үшін киізден жұмсақ қаптама.
  • Жағлан – сыртын былғарымен қаптаған сандық түрі.
  • Жәшік – қақпақпен жабылатын, төрт аяқты мүлік.
  • Қобдиша – сандықтың кішкене түрі.
  • Жүкаяқ – сандық астына тұратын оюлы төрт аяқты ағаш мүлік.
  • Кебеже – өрнектеліп жасалған жәшіктің бір түрі.
  • Төсекағаш – керует.
  • Шабадан – ішіне көрпе, жастық, киім, бұйым салатын қалың матадан, киізден оюлап жасалған мүлік.
  • Кілем – жүннен тоқылатын бұйым.
  • Түскілем – тоқылған, жүннен басылған немесе матадан кестелеген керегеге ілетін кілемше. «Түскиіз» деп атайды.
  • Текемет – түрлі-түсті ою-өрнекті түр салып киізден басылатын төсеніш.
  • Алаша – өрмекпен тоқылып, қосылатын кілемше.
  • Шымылдық – ерлі-зайыптылардың жатарда тұсына ұстайтын ақ матадан тігілген мүлік.
  • Көрпе – ішіне жүн, мақта салып матадан тігілген жамылғы.
  • Төсек көрпе – адамдар астына төсейтін көрпе.
  • Көрпеше – бір адам отыратын шағын көрпе.
  • Сырмақ – киізден сырып жасалатын түскиіз немесе төсеніш.
  • Талдырма – жұмсақ төсеніш киіз.
  • От киіз – от басына, ошақ қасына төселетін кесек киіз.
  • Тулақ – босаға жаққа төселетін мал терісі.
  • Шыпта – ас тұратын жерді қалқалап қоятын ши.
  • Мамық – құс жүнінен жасалған жатын төсеніш.
  • Жастық – басқа салатын құс жүнінен жасалған мүлік.
  • Жастық ағаш – жастық астына қоятын ағаш мүлік.
  • Бөстек – қозы, тоқты терісінен жасалған төсеніш.
  • Кірсалғыш – жеңіл бұйымдарды салып, кереге басына ілінетін матадан әшекейлеп жасаған бұйым.
  • Боқша – кітап салатын немесе зат салатын киізден немесе қалың матадан жасалған дорба.
  • Жүк – сандық үстіне жиналған төсек-орын.
  • Жүкжапқыш – жүк үстіне жабатын кестелі жапқыш.
  • Шатыр – жауыннан, ыстықта күн көзінен қорғанатын жиналмалы баспана.
  • Бесік – баланы бөлейтін қастерлі мүлік. Оның жастық, мамық, жаялық, тартпа, түбек, шүмек, бесік жапқыш т.б. бөліктері мен бұйымдары болады.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 491 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: