20:35
Ұлы Дала елі

ӨСИЕТ ӨРНЕКТЕРІ

Әлбетте, ата-бабалардан аманат-мирас болып қалған һәм ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнегелі өсиет, жаһандану мен өркениеттенудің шарықтау кезіне қарамастан, өз мән-мағынасын еш жоғалтпақ емес. Ал оны сана-сезімге сіңдіріп, бойына қалыптастыра алған өскелең ұрпақ ештеңені жоғалтпайды, керісінше, тағылымды тәліммен тұлғалана түспек. Қарапайым халық ішінен шыққан ақылдылардан қалған осынау нақылдарға зер салып көрейік.

  • Үлкенге сәлем бер, жолын кесіп өтпе.
  • Жүріп келе жатқан адам отырған адамға, атты адам жаяуға, аз адам көпке сәлем беруге тиіс.
  • Үлкендер мен ғалым адамдар алдында көп сөйлемеуге тырыс. Мешітке, үйге «ассалаумағалейкүм» деп кіру керек, кешке «кеш жарық» деп кіру керек.
  • Үлкен кісілерді, ананы, әйелді көлікке қолтықтап демеп мінгізу не түсіру керек. Көшеде, жолда жатқан шыны, темір болса, алып таста.
  • Үлкендерден бұрын тамаққа қолыңды салма. Адамға күш қолданба.
  • Сәбилерге өтірік айтпа, алдама, қорқытпа. Оларды жаман әдетке үйретпе.
  • Тамақ жеп отырып сөйлеме.
  • Тамақты өз алдыңнан алып же, кісі алдындағыға қол созба.
  • Егін ішінде дәретке отырма.
  • Сұйық тамақты сораптамай іш.
  • Дастарқан үстінде әдемі отыр, әдепті сөйле.
  • Дініңе сеніммен, құрметпен қара.
  • Халқыңның тарихын, дәстүрін, салтын, әдет-ғұрпын жадыңа тоқы һәм оны кейінгілерге үйрет.
  • Қанша ұлы адам болсаң да халық алдында кіші, әдепті бол.
  • Біліміңді көпке, пайда жерге жұмса.
  • Жаман дағдыдан аулақ бол.
  • Жаман адамдардан қашық жүр.
  • Көршілеріңмен жылы сәлемдес.
  • Достыққа берік, адал бол.
  • Біреуді жамандама, өзіңді жамандаған адаммен дауласпа, жауласпа.
  • Қуанышта, қиындықта, қайғыда, ашуда ұстамды бол.
  • Шаруашылықтың басы-қасына жүрген адамдарға жолыққанда: бақташыға «бағар көбейсін», мал айдап бара жатқандарға «айдар көбейсін», егіншіге «бір дәнің мың дән болсын», түрлі жұмыс үстіндегілерге «іске сәт», жаңа қоныстанушыларға «»қоныс құтты болсын» деу керек.
  • Жолаушыларға, жүргіншілерге, сапарға шыққандарға «сапар сәтті болсын» деу керек («қайда барасыз» деуге болмайды).
  • Үй сыртында тұрып немесе теріс қарап тұрып сөйлеуге болмайды. Аты белгілі адамдарға құрмет көрсет.
  • Шалбарды отырып кию керек.
  • Әйелдер, қыздар орындықта аяғын айқастырып отыруға болмайды.
  • Алыс сапарға, игілікті іске, емделуге аттанар алдында қариялардың батасын ал.
  • Үйге, мешітке, қасиетті орындарға оң аяқпен кіру керек.
  • Кемтар адам алдында дене кемістігі туралы әңгімелеме.
  • Моншада да ұятыңды жаба біл.
  • Пейіліңді кеңге сал.
  • Кешірімді, мейірімді, сыпайы бол.
  • Өркөкірек адамнан қаш, өзің де кеудеңді көтерме. (жалғасы бар)

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 562 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: