19:31
Ұлы Дала елі

КИІЗ ҮЙ

  • Киіз үй – негізінен киіз бен ағаштан тұратын қазақ халқының үйі, баспаханасы. Ол маңызы мен көлеміне қарай бірнеше түрге бөлінеді.
  • Орда – салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар бас қосатын, елдік мәселе шешетін немесе аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. Мұның да бірнеше түрі бар.
  • Алтын орда – 30 қанаттан (кереге) тұратын ханның мәжіліс ордасы.
  • Алтын үзік – 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй.
  • Ақ шанқан – 18 қанат ақ орда, 12 қанат – ел басылар, бай, билер тұратын киіз үйлер.
  • Ақ ала орда – 8 қанатты дәулетті бай үйі.
  • Ақ үй – 6 қанатты дәулетті адамдар тұратын үйлер.
  • Боз үй, қоңыр үй – 4-5 қанатты орташалар тұратын қарапайым киіз үй.
  • Қараша үй – кедей үйі.
  • Отау – жас жұбайлар үйі.
  • Жолым үй, абфлайша, жаппа – уақытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үйлер.
  • Күрке, қос – ауыл да ас сақтайтын, далада малшылар тұратын немесе кедейлердің үйлері.
  • Үй құрамы – үй сүйектері, киіздері және арқан-баулары деп аталаты 3 бөліктен тұрады.
  • Киіздері – барлық киізден тұратын бөлшектері.
  • Арқан-баулары немесе бау-шулары – құр, арқан, бау, жіптен тұратын бөліктері.
  • Шаңырақ – үйдің бас бөлігі. Ол бірнеше атаудан тұрады.
  • Тоғын – шаңырақтың дөңгелек шеңбері.
  • Күлдіреуіш – түндікті көтеріп тұратын ағаштан иіп жасалған бөлшек. Шаңырақ күмбезі осыдан тұрады.
  • Кепілдік (кепіл ағаш) – күлдіреуіштерді біріктіріп ұстап тұратын ағаш.
  • Қаламдық – уықтың қаламы (басы) кіріп тұратын шаңырақтағы төрт бұрышты тесік.
  • Уық – шаңырақ пен кереге ортасын қосатын иінді ағаш.
  • Қаламы – уықтың шаңырақ қаламдығына кіретін ұшы.
  • Қары – уықтың иініне дейінгі бойы.
  • Иіні – уықтың иілген (бүгілген) тұсы.
  • Алақаны – уықтың кереге басына бекітілетін басы.
  • Уық бау – уықты кереге басына байлайтын жіп.
  • Кереге – үй іргесі мен шеңберін құрайтын негізгі бөлік.
  • Қанат – керегені жинап біріктіруді «қанат» деп атайды.
  • Желі – керегені құрайтын ағаштар.
  • Ерісі – ағаштардың кереге құрайтын ұзыны.
  • Сағанақ, балашық – ағаштардың қысқасы.
  • Ыру – уық пен керегеге салынған оюлы сызықтар.
  • Көз – керегенің торкөздері («тор көз», «жел көз»).
  • Азат көз – керегенің көктелмеген жерлері.
  • Сықырлауық – киіз үйдің ағаштан жасалған жарма есігі.
  • Босаға – киіз есік, маңдайша мен табалдырықты қосатын, керегеге байланатын берік ағаш.
  • Маңдайша – екі босағаны жоғарғы жағынан ұстап тұратын берік ағаш.
  • Табалдырық – екі босағаны төменгі жағынан ұстап тұратын берік ағаш.
  • Бақалақ – сықырлауықты жапқанда маңдайшада бекітіп тұратын айналмалы ағаш тиек.
  • Туырлық – ордада кереге бойын, шағын үйлерде шаңыраққа дейін жабылатын киіз.
  • Үзік – ордада кереге мен шаңыраққа дейін жабылатын туырлық бөлігі.
  • Дөдеге (үзікті үй) – үй сыртына кереге басы тұсына киізден оюлап жасалған әшекейлі киіз.
  • Түндік – шаңырақ үстінен жабылатын төрт бұрышты киіз.
  • Түндік бау – түндік белдеуге байлайтын бау.
  • Ши – киіз үй бөлшегін, тұрмыс бұйымын жасайтын өсімдік.
  • Ақ ши – кереге сыртынан, кейде туырлық сыртынан орай тартылатын тоқыма ши.
  • Шым ши – ою-өрнекті, жүн оралған туырлық ішінен тартылатын ши.
  • Таңғыш құр – үй тіккенде керегелерді бір-біріне қосып байлайтын терме бау.
  • Бас құр – кереге басы туырлықты тесіп кетпеу үшін үй айнала жүргізілетін (тартылатын) жалпақ оюлы құр.
  • Жел бау – сәндік үшін шаңыраққа байланатын шашақты баулар. Желді күні оған үй шайқалмас үшін салмақ байланады.
  • Балақ бау – көшкенде уықтарды қосып байлайды.
  • Аяқ бау – уыққа сәндік үшін байлайтын түрлі жіптер шоғы.
  • Есік бау – киіз есік бауы.
  • Тастама – киіз есіктің жоғарыдан шаңырақ арқылы маңдайшаға байланатын бауы.
  • Керегенің басы – керегенің жоғарғы жағы.
  • Керегенің аяғы – керегенің жерге тірелген жағы.
  • Кереге қап – сырлы кереге қажалмас үшін әрі көгіне су тимес үшін қапталған киіз.
  • Жел арқан – дауылды күндері үйді бастыра тартатын арқан.
  • Күйеу қазық – үй сыртында іргесіне жел арқан байланатын қазық.
  • Бақан – шаңырақ көтеретін, киіз есікті көтеріп қоятын бір жақ басы аша ұзын ағаш.
  • Жабық – туырлықтардың бір-біріне айқаса жабылатын тұсы.
  • Дақтау, дембі – шеберлер термині, белгілеу деген сөз.
  • Белдеу – туырлық желде көтеріліп кетпес үшін үй сыртынан екі жерден тартылатын арқан.
  • Бас арқан – үйдің барлық салмағын ұстап тұратын, кереге басын орай маңдайшаға бекітілетін берік арқан.
  • Үй тіге – киіз үйді көтеруді (құруды) халық «үй тігу» дейді.
  • Үй жығу – көшер кезде үйді бөлшектеуді «үй жығу» дейді.)

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 509 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: