16:22
Әлеуметтің әлегі

МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСЫ САҚАЛДАНЫП КЕТТІ

Лебяжі ауданына қарасты Бесқарағай елді мекенінде мешіттің салына бастағанына төр-бес жылдың жүзі болып қалды. Басында тәп-тәуір тұрғызыла бастаған Құдай үйі соңғы үш жылда мүлдем тұралап қалғаны қынжылтып отыр.

Жекелеген тұлғалардың қаржылық күш-қуатымен салынып жатқандықтан, мешіттің құрылысына қатысты мәселе әкім есебінің де, жергілікті тұрғындардың қатысуымен өткізілетін жиын-жиналыстардың да күн тәртібінде қарастырылмайды.

Күмбезі мен қабырғасы көтерілген мешіттің салынып бітуіне әлі де көп уақыт керек. Қазіргі таңда осынау игілікті істі қолға алған жекелеген тұлғалардан мардымды ілгерілеу байқалмайды әзір. Қашан қозғалары тағы белгісіз.

Мешіттің құрылысына жан бітіру үшін, менің қарапайым ойымша, арнайы есеп-шот ашып, осынау құрылысқа бей-жай қарап қалмайтын азаматтардан қаржылай көмек сұраған жөн. Сонымен қатар аудандық мешітпен ақылдасып, ортақ қимыл-әрекет жасау да артық болмас. Ауылдың ақсақалдары, зиялы қауымы, қарапйым тұрғындары да имандылық үшін күш біріктіргені жөн. Сонда ғана Құдай үйі – мешіттің құрылысын бітіруге болатын сияқты.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 609 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: