21:57
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы

Мәшһүр Жүсіп

Мәшһүр Жүсіп – әрі ойшыл, әрі ақын,

Кең пейілді ел-жұртына болған жақын.

Көркем сөздің құдіретті күшіменен,

Танытты сахараға адамдық затын.

 

Өз заманы қиын еді, қилы еді,

Ақсүйектер қара халықты қинап еді.

Көрді көзі, ауызға өксік кептелгенде,

Жаратушы берген бар қуатын жиып алды.

 

Мәшһүр болғанмен, атақ пенен даңқ қумады,

Ел-жұрт қамы үшін сәйгүліктей тулады.

Ақиқат пен шындыққа тура қарап,

Зар заманның тынысымен шумақтады.

 

Ауыз әдебиеті үлгілерін жинастырды,

Зерттеулерін текеметтей құрастырды.

Қайталанбас, құнды ойлар қалдырып,

Қазағымның мол мұрасын қыр астырды.

 

Баянауыл мақтанышы – Мәшһүр Жүсіп,

Шын үлгі ғой өскелең ұрпақ, біздерге.

Қасиетті орында бола қалсаң жолың түсіп,

Дұға жасап, тағзым ет баба жатқан жерге.

Бегімхан Ибрагим

Просмотров: 438 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: