21:56
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы

Мәшһүрдің мәртебесі

 

Қасиетті Баянауыл баурайында,

Бұл жалғанның есігін ашып еді.

Қазағымыз қысылған зар заманда,

Қилы кезең шындығын жазып еді.

 

Қара сөзден өлең түзді шумақтап,

Тура айтты, көпіртпеді құр мақтап.

Ессіздерді ескертті ғой астарлап,

Шен қумады жуандарды құр жақтап.

 

Иманжүзді тақуалығы арқасында,

Ислам дінін асқақтатты, асқарлатты.

Ізгілікке толы ғұмырының әр жасында,

Игі істердің мерейін аспандатты.

 

Айтар ойын ой елегінен бек өткізген,

Ауыз әдебиеті үлгілерін зерттеген.

Астарлаған, тұспалдаған әр сөзінде,

Ғибрат, пайым, өнеге кең пішілген.

 

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы – асыл тұлға,

Бұйырды емес пе кең пейілді қазағымызға.

Сегіз қырлы, бір сырлы дана баба,

Үлгі болар өскелең ұрпағымызға.

Бегімхан Ибрагим

Просмотров: 455 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: