21:23
Латын әліпбиіне көшу көкжиегінде

КЕЛЕЛІ КЕҢЕС

Латын қарпіне көшуді кезең-кезеңімен бастап кеткен қазақ тілі шынымен де рухани жаңғыруды бастан кешу үстінде. Бұл бағытта атқарылып жатқан іс-шаралар да бірқыдыру. Күрделі мәселелерді көтерген келелі кеңес жуырда Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігіне қарасты «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы филиалы болып табылатын Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен қашықтан онлайн-режимінде «Рухани жаңғыру: лаын әліпбиіне көшудің жаңа көкжиектері мен ерекшеліктері» республикалық дөңгелек үстел түрінде өткізілді.

Осынау іс-шараға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан және Павлодар обысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институттарының, ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамы, жалпы білім беру ұйымдарының педагогтері қатсты. ШҚО бойынша ПҚ БАИ директорынң оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша орынбасары Г.С.Жұманова және Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ, ИТ және ЖҒ(Г) ПОӘ кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Ө.Эртисхан аталмыш дөңгелек үстелге модераторлық қызмет көрсетті.

Қазақ әліпбиінің латын графикасына көшу жағдайында оны тиімді үйретудің теориялық және әдістемелік мәселелері мен емле-ережелерін меңгертуге арналған пікірлесу алаңын құру дөңгелек үстелді мақсаты болып айқындалды.

Павлодар облысы тарапынан Роза Дүйсенқызы, ал Шығыс Қазақстан облысы жағынан Гауһар Сайлаубекқызы дөңгелек үстелді ресми түрде ашып, келелі кеңестің жұмысына жемісті еңбек тіледі. Ал осынау отырыс барысында келесідей маңызды мәселелер онлайн-режимінде жан-жақты талқыға салынды: филология ғылымдарының кандидаты, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл – Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым-хатшысы А.М.Фазылжанова «Қазақ әліпбиіндегі емле жа»алықтарын", ШҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы А.К.Сейілхан «Латыннегізді қазақ әліпбиінің түбі бір түркі дүниесіне жақындасудағы ықпалын», Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы Г.К.Жапакова «Жаңа емле: жаңалықтар мен ерекшеліктерін», «Өскемен қаласы әкімдігінің №29 ЖОМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Г.Н.Зейнолдина және Глубокое ауданы «№1 Белоусовка ЖОМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі А.А.Тауданбекова «Латыннегізді қазақ әліпбиін АКТ арқылы меңгертуді» іс-тәжірибемен бөлісу арқылы, «Өскемен қаласы әкімдігінің №27 ЖОМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Б.Ш.Муканов «Қазақ тілінің жаңа әліпбиі оқушылардың көзқарасыменді» іс-тәжірибемен бөлісу арқылы, «Өрлеу БАҰО АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ аға оқытушысыА.Қ.Дайырова «Латыннегізді қазақ әліпбиіне көшу – заман талабын», Павлодар қаласы Қ.Бекхожин атындағы №12 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі А.Т.Мусаева «Латыннегізді қазақ әліпбиіне көшудегі оқушылар белсенділігін», Маңғыстау облысы Ақтау қаласы ІТ лицей КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері А.К.Куламанова мен А.Д.Нуртазина «Рухани жаңғыру: латын әліпбиіне көшудің тиімділігін» ортаға салса, Павлодар облысында латын графиксына негізделген қазақ әліпбиін оқытып жатқан пилоттық мектептерден тікелей көрініс ретінде №19 ЖОББМ «Латыннегізді қазақ әліпбиіне көшу пилоттық мектептер тәжірибесінде» атты бейнеролик дөңгелек үстел барысында көрсетілді. Сонымен бірге еркін микрофон кезінде талқылауға арналған сұрақтар мен пікірлер айтылды. Республикалық дөңгелек үстелді ұсынымдары жарияланды. Ал қатысушылар республикалық деңгейдегі Сертификаттармен марапатталды.

Асылында, аталмыш келелі кеңес латын қарпіне көшуге жасалған бір қадам болды.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы №42 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Павлодар қаласы

Просмотров: 497 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: