12:32
Әкімдерді сайлау - мемлекеттік байлау

ҮМІТКЕРЛЕР ҮКІЛЕНДІ

Астананың мерейтойлық мереке күніне қарамастан аудан әкімі Құрманова А.А. және аудандық мәслихат хатшысы Әлтаев Қ.М. тапатал түсте Бесқарағай ауылдық әкімиятының алдына темір тұлпардың басын тіреп, ауылдың зиялы-белсенді қауымымен қауырт кездесу өткізді. Әңгіменің негізгі тақырыбы – тамыз айында мемлекеттік тұрғыда өткізілетін ауыл әкімдерін сайлау бойынша жүргізілетін ақпараттық насихат.

Осынау маңызды қадамға баруды Елбасы Н.Назарбаев кезінде ұсынған болатын. Дайындық шаралары да әлдеқашан қолға алынды. Енді міне сайлауды нақты өткізу науқаны да күн санап таяп келуде. Айзада Амангелдіқызы өз сөзінде бесқарағайлықтарға аталмыш сайлаудың ұйымдастыру жолдарымен таныстырып, ауыл әкімін аудандық мәслихат депутаттары сайлайтынын жеткізді. Сонымен бірге сайлауды өткізу үшін кемінде үш үміткер қажеттігін де ашып айтты. Кездесу барысында Қызылағаш ауылдық округі әкімі сайлауына қатысатын үміткерлер жария етілді. Олар – Қызылағаш ауылдық округінің осы күнгі бас маманы Байтілеуова Ж.Ш., Лебяжі жалпы орта білім беретін мектебінің осы күнгі директоры Шакиров Е.А., Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің осы күнгі директоры Белгібаева А.М. Ал ауылдың қазіргі әкімі Балтабаев Е.Н. басқа елді мекенді тізгіндеуге ауысатыны да белгілі болған сыңайлы. Іске сәт делік!

ШАҺМАНТЕГІ Бегімхан Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 962 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: