12:28
Халықаралық балаларды қорғау күні

БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ

Жаз басы балалардың шуақты күлкісіне толы мерекелік күнмен басталып келе жатқаны қашан. Балғын-балдырғандар бұл күнді сондай сағына да тілей күтеді де. Қызылды-жасылды киініп алып, сахна төрінде өнерлерін көрсетуге де асық.

Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде балаларды қорғау күніне арналған игі шаралар ды мейрамдау жақсы дәстүрге айналды. Безендірілген мәжіліс залының сахнасына әншілік һәм бишілік өнерімен танылған балғындар, бүрдіршіндер, балдырғандар шығып, қадірменді көрермендерді, ата-аналарды, әжелерді қайталанбас қабілеттерімен, таланттарымен тәнті етті. Мұнда сәнге әлдеқашан айналған «Қара жорға», әлемдік деңгейдегі вальс билері, «құлақтан кіріп, бойды алар» тамаша қазақ әндері, басқа да тілдегі әндер шарықтай әуеледі.

Концерттен рухани жағынан әсерленген балғын-балдырғандар мектеп алдындағы асфальттанған тас жол үстінде түрлі түсті борлармен бейнелеу өнерінің қайталанбас туындыларын нақышына келтіре салумен болды. Күннің шыжыған ыстығына да қарамады. Айнала қаумалаған адамдардан да қысылмады.

Жылдағы дәстүр бойынша балаларға тегін түрде балмұздақтар таратылды.

Сонымен бірге мектеп ішінде «Айналайын» жазығы сауықтыру-сергу лагері өз есігін демалушыларға ананың жылы құшағындай есігін айқара ашты.

ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

«Нұр Отан» ХДП «Бесқарағай» БПҰ төрағасы,

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 998 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: