21:53
Көркем сөздің құдіреті

ОРАШОЛАҚ

Икемсіз, бейімі жоқ, олақ, епсіз, долаң.

Мысалдар:

1. Және айтам десе де, өзi сөз бiлмейтiн, сөзiн кiсiге ұғымды қып айта алмайтын аса бiр орашолақ адам едi.

(М.Әуезов, Абай жолы: 1 том)

2. Жалпы жұмыста ақылшы бола жүре, Сәкен ұйымдастыру ісіне орашолақ адам еді.

(С.Мұқанов, Есею жылдары)

3. Жасынан қалада өскен жеңгем ауыл тіршілігіне орашолақ еді.

(Б.Соқпақбаев, Өлгендер қайтып келмейді)

 

МҰШТАУ

Білек күшін көрсету, жұдырықтау, ұру.

Мысалдар:

1. Жағасынан ұстады,

Буындырып қалмақты

Ат үстінен мұштады.

(Алпамыс батыр жыры)

2. Артымнан қуып жетіп ұстағаны,

Тепкіліп ес тандырып мұштағаны.

(К.Әзірбаев, Шөпке барғанда)

 

МАЛТЫҒУ

Еркін жүре алмай кібіртіктеу, бөгелу, шырмалу.

Мысалдар:

1. Малтыққан аяғын саздан әрең суырып мықшыңдауға айналған Рахметті Сырбай тоқтатты.

(С.Мұқанов, Бақыт бақшасында)

2. Малтығып, бір тығылып, бір тұрып жүрді. Ақырында қалың омбы қарға омбылап, шыға алмай құлады.

(С.Сейфуллин, Айша)

3. – Малтықпай тез көшсiн! Шұбалмасын! Қатар қозғалсын! Қауырт жөнелсiн!

(М.Әуезов, Абай жолы: 1 том)

4. Алтыбай асығып тебінгенмен, сұр айғыр баяғы бір аяңмен малтыққаннан басқаны тапқан жоқ.

(М.Әуезов, Абай жолы: 4 том)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 13 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: