08:40
Көркем сөздің құдіреті

ОРТҚУ

Шұғыл ырғу, ытқу, атқу, атыну.

Мысалдар:

1. Қанат-құйрығы суылдап, аспаннан төгілген ажалды баққан сақ түлкі ортқып тасқа тығылады. Бір кезек жалт етіп, жасырынып, қылт етіп қайта баспалайды.

(М.Әуезов, Абай жолы: 3 том)

2. Жасыл дала, жүгенсіз ат,

Жүр жайылып еркімен;

Ортқып ойнап,тауып рақат,

Құйрығын жел желпіген

(Қ.Аманжолов, Тұтқын [М.Ю.Лермонтовтан])

 

СЕКЕМ

Күдік, күмән, сезік, шүбә, қауіп, үрей.

Сөз тіркес: Секем алу — сезік алу, күдіктену, қауіптену

Мысалдар:

1. Тысқа шықты сөзге келмей екеуі,

Қажымұқанның бар көңілде секемі.

Белді бүрген мығым молақ қолынан,

Білінді оның Балуан Шолақ екені.

(С.Мәуленов, Алыс кетіп барамын)

2. Досының сондайлық ерсіліктерін ойлап, Абай күліп жіберді.

Баймағамбет секем алып:

— Е, неге күлесіз? Неге, неге күлдіңіз?— деді.

(М.Әуезов, Абай жолы: 3 том)

3. Оларға анау-мынауға мән бермей тін, сенгіш, секемсіз кісі керек.

(Ж.Нәжімеденов, Ақшағыл)

 

МИЯТ

 Медеу, медет, сүйеу, сүйеніш, тірек.

Сөз тіркес: Мият тұту/табу — медет тұту, арқа сүйеу, тірек санау

Мысалдар:

1. Би емес, бұзылғанның қуатысың,

Тентектің телі менен суатысың.

Ел болсаң тентек қайда? Билік қайда?

Жүрсіңдер Әлімқұлдың мияты үшін!

Келгендер Үйсінбісің, Дулатпысың,-

Бәрің де Әлімқұлдың миятысың!

(І.Жансүгіров, Күйші)

2. Таппадым одан миятты,

Жазбай-ақ қойдым, жазғаным енді ұятты.

Менсіз де мына ғаламат жырау-дүние,

Өзінен-өзі жырланып жатқан сияқты.

(М.Мақатаев, Шаршадым білем)

3. Жәркенттен біздің үйді мияттап Мұхамеди, Жүніс дейтіндер келген.

(Б.Соқпақбаев, Бастан кешкен)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 18 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: