10:54
Көркем сөздің құдіреті

ӘНТЕК

1. Сәл ғана, шамалы, аз-маз, болар-болмас;

2. Басқаша, оғаш, өзгеше.

Зат есім түрі: Әнтектік — орынсыздық, сөкеттік, ерсілік, оғаштық.

Сөз тіркес: Әнтек болу — орынсыз болу, оғаш болу, ағаттық болу.

Мысалдар:

1. Сол топтан әнтек кейiн үлкен көштiң алдын бастап келе жатқан сұп-сұр жүдеу бәйбiше екен.

(М.Әуезов, Абай жолы)

2. Қазақ та адам баласы. Қазақтың қара көздерінің сиқырлы күші жауропа [осыған көңіл бөліп қойыңыздар] әйелінен кем емес; әнтек тәрбиеленіп, қылымсуды, еркекке жағынуды үйренбегені болмаса.

(Ж.Аймауытов, Ақбілек)

3. Биыл осы лаңның боларын біле тұра, сол жылқыны жоғары айдауымыз әнтек болды.

(Х.Есенжанов, Ақ Жайық)

 

ҚИЯҢҚЫ

1. Бұзақы, қыңыр, содыр, сотқар;

2. (малға байланысты) Ұрыншақ, асау, қырсық.

Мысалдар:

1. Өзін ренжіткен адамға да түк демейді, тек басын шайқайды. "Дуана, мына бір қияңқы баланы қорқытыңызшы!" десе, "Қой, балақайым жақсы, қорқытпа, қорқытпа!" - деп басынан сипайды.

(Ж.Аймауытов, Ақбілек)

2. Екi езуi қан боп жыртылып қалған тай әлi де өлердей қияңқы екен. Оспан мiнген жерде тағы да қайтадан шапшып секiрiп, көп қияңқылық еттi.

(М.Әуезов, Абай жолы)

 

ШАНДУ

Шешілместей етіп, шимай-шатпақ байлау, таңу, буу, шырмау, матау.

Мысалдар:

1. Біреуі кеп жалма-жан жазықтыны орады,

Үніңді өшір!" — дегендей буындырды тамағын.

Қол-аяғын матаған көрдім және басқаны,

Шырмауықтай шимайлап қатты шандып тастады,

Әйгі болды пақырдың әл-дәрмені қашқаны.

(М.Мақатаев, Құдіретті комедия [А.Данте])

2. Баймағамбетпен екеуі боп, Оразбайдың арқасын күймеге беріп, белуарын, қол-аяғын арбаға шандып, таңып салды.

(М.Әуезов, Абай жолы)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 23 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: