21:09
Көркем сөздің құдіреті

ӘДДІ

Шама, әл, дәрмен, мұрша, шек, мөлшер.

Мысалдар:

1. – Ол жағын тағы ойлап қойдым, Абай аға. Сары ит шықпаса, сол көшемен ілгері-кейінді шаба берем. Содан сары итіңіздің шықпасқа әдді бар ма?! – деп, Абайдың өзін де күлдірді.

(М.Әуезов, Абай жолы)

2. Кейбіреу көтереді мұрнын көкке,

Өз әддін өзі білген адам көп пе?

(А.Байтұрсынұлы, Екі шыбын)

 

ҚИЯМПҰРЫС

Қырсық, қыңыр, безер, кесірлі.

Мысалдар:

1. Жоқ, бұл Шәймерденнің қашанғы әдеті, қиямпұрыс, бір езу, сотқарлықпен көзге түсем дейтін жігіт.

(Б.Майлин, Беташар)

2. Шын шабыт та, жанжал тілеген қиямпұрыс тентектік те сонда тұр. Шегір көзі дүниені ішіп-жеп, үңгіп, тесіп бара жатыр.

(Қ.Жұмаділов, Көкейкесті)

 

МӨҢКУ

1. Аттың, өгіздің я т.б. алдыңғы не артқы екі аяқтарын шалт көтеріп, мінген адамды түсіріп тастауға тырысуы, тулауы, тебінуі;

2. Қатты ашулану, долдану, ызалану, долыру.

Мысалдар:

1. Баубек бастырып қалып, құрықты қыл мойнынан сала, толғап жібергенде, көк қасқа шыңғыра мөңкіді.

(Ғ.Мұстафин, Дауылдан кейін)

2. – Иә, жығарсың? Сен түгiл қысырдың асау тайы – ақ тай да жыға алмаған Оспанды. Қанша мөңкiсең де түспеймiн!– деп, Смағұлдың мойнын құшақтап қысып ап, екi аяғымен тепеңдеп тебiнiп қояды.

(М.Әуезов, Абай жолы)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 23 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: