09:18
Көркем сөздің құдіреті

ПӘРУАЙ (пәруәй)

Назар, қам, уайым.

Пәруайсыздық — қамсыздық, уайымсыздық, бейқамдық.

Сөз тіркесі: Пәруайына да ілмеу — назар салмау, қам жемеу.

Мысалдар:

1. Сырт ажарына қарағанда ол сап-салмақты сияқты. Бірақ мінезінің пәруәйсіздігі ес кірмеген балаға тең. Досының сондайлық ерсіліктерін ойлап, Абай күліп жіберді.

 

2. – Жаратқан, елең алма! Не сұмдық! Қарғыс айтқалы жатыр ғой, өз балаларына! – десiп үркiп үн салды. Бiрақ Құнанбай ендi оларды пәруәйiне де iлген жоқ. Жүгiнiп алып, көлденең жатқан немересiнiң кеудесiнiң үстiне терiс батаның алақанын жайып тұр. Абайға да қатал қолдарын жиi нұсқайды.

(М.Әуезов, Абай жолы)

 

САБАЗ

1. Ер, азамат, жігіт, батыр;

2. Ердің ісіне, мінезіне мәз болғанда айтылатын атауыш, қаратпа сөз;

3. Я керісінше, ісін, құлық-мінезін жаратпағанда мысқылдап айтылады.

Мысалдар:

1. Бірнеше сабаздар қыршын кетті, олардың ерлігі ел құлағына жетіп те жатқан болар.

(Б.Момышұлы, Москва үшін шайқас)

 

2. Дәрмен, Мағаштар таң-тамаша, қайран боп тұр.

Олар енді: «Әттең, есіл сабаз!», «Айтқаның келсін, дуалы ауыз!», «Асылым, дегенің болсын!» деседі. Сүйсінген сөздерін бітіре алмай жатты.

(М.Әуезов, Абай жолы)

 

3. Еңбексіз жатып мал жайып,

Баяғыдай шалжиып

Жатсам деген сабаз бар.

Не онда жоқ, не мұнда,

Түсе алмай айқын бір жолға,

Құр әуре «бейнамаз» бар.

(Б.Майлин шығармасынан)

 

БАЗЫНА

1. Сұрау, сыр;

2. Наз, жеңіл өкпе;

3. Еркелік. (Көбінше жақындарға қаратылған)

Мысалдар:

— Мынау үйдің іші қапырық, түншықтырып барады. Тыста көлеңкеге шығып сөйлесейік. Ашуланып кеткенінді біліп, артыңнан әдейі куа келдім! Інілік бір базынам бар, соны тыңдап шық! Сон соң, мен қайтып жүре берем. Арызыңа аратүсейін деп келгенім жоқ. Жүр, тысқа шығайық!—деді. Оразбай сүлесоқтау болса да Оспанның артынан ерді.

 

— Басылған бас көтерсе жазалы. Базаралы базынасын айтса жазалы! Зорлықты өзің етесің де, «зорлық көрдім» десе оны кеп жазғырасың.

(М.Әуезов, Абай жолы)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 28 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: