20:31
Көркем сөздің құдіреті

ЖАЛҚЫН

Алаулаған жалын

 

Бұған тиген су перінің салқыны,

Салқыны емес, бейне оттың жалқыны

Қол-аяғын от ішінде қалқиды.

Бойыңды улап, басылған екен қарқыны.

(Ж.Аймауытов, Қара бақсы)

 

Ашық аспан астында мыңдаған сары жалқын алау асыр салып билеп жүр.

(Ә.Кекілбаев, Бір уыс топырақ)

 

Алаулаған, алқызыл жарық.

Екі ұшты еді тағдырымыз біздің де.

Жалқын сәуле шашып еді батқан күн,

Жас баладай, мәз-мейрам боп шаттандың.

(М.Шаханов, Танакөз)

 

Сол көктемгі көкжиек – қоп-қою жалқынды сағым іркіліп барып, көк күмбезімен көмкерілген.

(О.Бөкей, Үркер)

 

Жалқынданып күн батар,

Ай да туар нұрланып.

Біреу сезіп тіл қатар,

Шық үйіңнен ұрланып.

(С.Мәуленов, Шық тезірек, қалқашым)

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 75 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: