12:22
Көркем сөздің құдіреті

МЕЛДЕК

Кеңірдек, тамақ

 

Мелдектеу — шамадан тыс тою

 

Асыл шөп, жасық шықтың иісі аңқып,

Батқандай мелдегінен нұрға қалқып.

(С.Торайғыров, Шілде)

 

Албан – мейман келсе мелдектеп, берекесі кіре түсетін қонақжай ел.

(Ш.Мұртаза, Қызыл жебе)

 

Өтірік қияпазданып, мелдегінен шыға тойып, ықылық атып отырған адамдай, қолымды тамаққа батыра алмаймын.

(С.Жүнісов, Өшпейтін іздер)

 

Күшіктің бөлтірікке айналар кезінде оларды қансоқтыға мелдектетіп, жондандырып өргізбек болды.

(Т.Әлімқұлов, Шежіре)

баспаға әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 87 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: