21:13
Көркем сөздің құдіреті

1. БАРШЫН, ҚАМҚА
Олардың үстінде атлас, торғын, жолақ баршын көрпелер.
(Т.Жармағамбетов, Екі жүрек)

Басындағы шоқ үкілі камшат бөркі де, үстіндегі қос етекті көйлегі де, белін қынай киген қамқа ішігі де өзгеше.
(І.Есенберлин, Көшпенділер: Алмас қылыш)
---
2.
ДОҚАБА, ҚЫЖЫМ
Сайлардың бетегелі бұлымдары бір жері тақыр, бір жері ашаң, жасыл тозған доқабадай.
(Ш.Мұртаза, 41-жылғы келіншек)

Аздап күте тұруға тура келді.
Әлден уақытта іштен үстінде қара қыжым қамзолы бар кәрі шешей шықты.
(С.Мәуленов, Шыңдағы шұғыла)
---
3.
САҢ, БӨЗ
Жейде-дамбал ақ саңнан, жарғақ шалбар,
Жырым балақ матамен әдіптеткен.
(Абай, Ескілік киімі)

Иніші жыртылған көйлектер, тері шалбар мен бөз көйлектің қасында ханның киіміндей.
(Х.Есенжанов, Тар кезең)
---
4.
ШІЛТЕР
Көрпе-төсекке малындырып, шілтерлі ақ жапқан.
(Ә.Нұрпейісов, Күткен күн)
---
5.
ҰШТАП
Қауынның әңгелегіндей томпиған қос анары қос етек ақ ұштап көйлегінің омырауын кернейді.
(Сейітжан Омаров, Жүйрік ат көңіл)
---
6.
ШҰҒА
Абай үстіне бешпет, шалбар, сыртынан ұнамды күрең шұғамен тыстатып жеңіл, жылы, кең күпі киген.
(М.Әуезов, Абай жолы: 2 том)
---
7.
КЕНЕП
Вагонның біреуінде, үстіңгі орында киімсымақ бірдемелерді астыма төсеп, кенеп дорбамды басыма жастап, шалқамнан түсіп жатырмын.
(Б.Соқпақбаев, Өлгендер қайтып келмейд
і)

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 193 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: