15:00
Көркем сөздің құдіреті

1. ШИ БАРҚЫТ
Вельвет
Жүніс ши барқыт пешпентін шешіп, камшат бөркінің ішінен қара барқыт тақиясын киді.
(З.Шашкин, Тоқаш Бокин)
---
2. МАСАТЫ
Велюр
Аяндап жүріп әдемі кереуетке, масаты кілемге, барқыт орындықтарға көзі түсті.
(Ж.Аймауытов, Ақбілек)
---
3. ШЫТ, СИСА
Ситец
Шыт көйлек... Белін бір бүрген,
Етегін желге ілдірген.
(М.Мақатаев, Ей, менің қиын өткелім)
Қызыл ала, торы ала сисамен тысталған көрпе-жастықтар.
(Ғ.Мүсірепов, Кездеспей кеткен бір бейне)
---
4. ДӘКЕ
Марля
Аспанның екі қолы да шоқпардай ақ дәкемен таңылған.
(О.Бөкей, Біздің жақта қыс ұзақ)

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 195 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: