10:39
Көркем сөздің құдіреті

НОЙЫС

Дойыр мінезді, дөкір, дөрекі, тоңмойын.

Мысалдар:

  1. Ержетіп, ел ұстауға жарап қалған інісін нойыс ашумен қорқытып, өр кеудемен баспақ.
    (Ғ.Мұстафин, Дауылдан кейін)
  2. Сәл жеңіл қимылдасаң нетті, жазығы қамал алуды үйреткені ме? Нойыс неме, менің ойымды дұрыс түсінбегенсің ғой.
    (І.Есенберлин, Көшпенділер: Қаһар)
  3. Бастығымыз Ерден деген қатыгез, нойыс, тоңмойын, қатал жан еді.
    (З.Шашкин, Ақбота)
  4. Тыныбай болса жалтақ, Көксеген болса бір беткей, нойыс.
    (Қ.Жұмаділов, Тағдыр)
  5. Қолына түссең, оңдырмайтыны айдан анық. Мінезі шадыр, нойыс адам.
    (С.Жүнісов, Өшпейтін іздер)
  6. – Жарықтық, ә, жарықтық! – деп оятты. Анау бір нойыстау пәле екен.
    (Ж.Молдағалиев, Сарыарқаның сүйіктісі)

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 212 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: