11:26
Көркем сөздің құдіреті

ТАУАН

Күш-қуат, әл, дәрмен, жігер.

Мысалдар:

  1. Онда көп: ноғай, қазақ, сарт пен сауан,
    Қайтқан жоқ бұ жалғаннан біздің тауан!
    (Мәшһүр Ж.Көпейұлы, Бұхара сапары)
  2. Ар жақтан тауаны қайтып, бар пәлені бастарынан атқарып келе жатқан Дондағұл мен бірнеше саудагерді ортаға алған. Паром жүріп кеткенше солардан жайдың бәрін білді.
    (М.Әуезов, Абай жолы: 4 том)
  3. Менің сені сүюім — өзіме таңдаулы, тауанды махаббат. Ұзақ өмірдің сүю сарыны сияқты.
    (І.Жансүгіров хаттарынан [18.04.1932])
  4. Бүгінгі ауыл жастарының оқуға деген ынтасын әлденеше жерде көріп, осылардың маңдайы қағылып, тауаны қайтпай тілеген оқуларына түсетін күн де туды.
    (С.Бегалин, Замана белестері)
  5. Бірақ әскерінің үштен бірі қарсы жаққа өтіп кетіп, қалғандарының да тауаны қайтып тұрған Байыр-Мөңке ноян табан тіреп соғыса алмады.
    (Қ.Жұмаділов, Дарабоз)

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 275 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: