10:24
Көркем сөздің құдіреті

ҚОТАРУ

  1. Сұйық затты бірден аудара құю;
  2. Тез ішу, жұта салу;
  3. Аудару, тәржімелеу (линг.).

Мысалдар:

  1. Ыдысысың параның,
    Қотара құйса толмайтын.
    (Д.Бабатайұлы, Ыдысысың параның)
  2. Мені сиырын күтуге, пешке жағатын тас көмірді үйге кіргізуге, су қотарып алуға, андай-мұндайға жұмсайтын болды.
    (С.Сейфуллин, Мен қалай жаздым)
  3. <...> бүкіл үй ішіміз боп үміт артып отырған бар сүтті қарнына қотарып құйып алған.
    (Б.Соқпақбаев, Әріппай мен көкжал қасқыр)
  4. Қотарып бір теңізді бір теңізге
    Бағынтып алдық біздер табиғатты.
    (Т.Жароков, Түр, оқушым, құлағыңды)
  5. Түрікмен тілінен қазақшаға әрпін қуалай қотарсақ, түсініксіз бірдеңе болып шығар еді.
    (М.Әлімбаев, Өрнекті сөз — ортақ қазына)
  6. Ақын тарихи тақырыпқа, тарихқа бойұрғанмен сөзуарлыққа, архив қотарған әсіре білімдарлыққа ұрынбайды.
    (Ә.Кекілбайұлы, Өлең көкжиегі)

 

САҚИ

Жомарт, мәрт, қолы ашық.

Мысалдар:

  1. Ісіне бұл заманның болдым құса,
    Бозбала, шамаң келсе, маған ұса (ұқса).
    Ерігіп мен үйімде ішім пысып,
    Бір сақи, бір сараңды қылдым қыса (қисса).

    (Мәшһүр Ж.Көпейұлы, Жантемір қажы)
  2. «Бай да, сақи да, патша да, батыр да, шешен де — бәрі де ақырында бір өлмек».
    (А.Байтұрсынұлы, Әдебиет танытқыш)
  3. Кім мықты дүниеде? Адам мықты!
    Сақи жер жаңалықты содан күтті.
    (Қ.Мырзалиев, Кім мықты дүниеде)
  4. Барынша сақи атануға тырысатын Бөкеннің өзі де ат құрғатқан емес, Қараштың ақсақалдары біраздан соң қайтадан келгіштеуді көбейтті.
    (Ә.Кекілбайұлы, Шыңырау)

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 295 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: