12:38
Көркем сөздің құдіреті

МАНСҰҚ

  1. Жоққа шығару, жаратпау, бас тарту, тәрк ету (көбіне етістік тудырушы сөздермен тіркесіп қолданылады);
  2. Жарамсыз, қолдануға жарамайтын.

Мысалдар:

  1. Бұрынғылардың «тұрмысты сана билейді» деген пікірін Маркс мансұқ еткен.
    (Ж.Аймауытов, Маркс не дейді?)
  2. <...> айқын нәрселерден мысал келтіріп, көзге көрсетіп, қолға ұстатқандай қылмаса, өзі де тастым демейді. Ғылымның мұндай бекітіп шығарған жолдарын дәлелсіз мансұқ қылуға болмайды.
    (М.Әуезов, Қайсысын қолданамыз?)
  3. Мансұқ қып елін, жерін де,
    Не тағдыр айдап өтті екен?!
    (М.Мақатаев, Шекарада)
  4. Абай — барометр. Абайды мансұқтаушы — ұлттың шіріген жұмыртқасы.
    (Ш.Мұртаза, Қызыл жебе: 4 кітап)
  5. Кеше әулие, бүгін жын, бәрі мансұқ,
    Қымызы жоқ сабадай қалған қаңсып.
    (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ)

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 278 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: