22:14
Көркем сөздің құдіреті

ҚУНАУ

  1. Демалу, тынығу;
  2. Ширау, қуаттану, бой сергіту;
  3. Жайнау, жадырау.

Айнап-қунау – дем алу, бой жазу.               

Мысалдар:

  1. Қой қоздап, түйе боздап, құлын қунап,
    Даланың төлі ойнақтап аяқтанған.
    (Ж.Жабаев, Жаз)
  2. Жігіттер ән салысып, күрес салып, ойын-сауық, қалжыңмен отырып, етті жеп, сорпа ішіп, қунап қалысты.
    (I.Жансүгіров, Жолдастар)
  3. Таза ауаны еркінше жұтып, бойың көтеріліп, өзің мүлде қунап қаласың. Әлдеқайдағылар еске түседі.
    (Б.Майлин, Бисекеңнің үйінде)
  4. Құлпырды кенді далам, гүлді далам,
    Жас өсіп, кәрі қунап, күлді анам
    (Т.Жароков, Жыр көмей)
  5. Жылына неше мәрте туған жеріне барып, ауылдастарының, туған-туыстарының, дос-жарандарының ортасында болып, аунап-қунап қайтпаса көңілі көншімеген болар еді.
    (Ғ.Мұстафин, Естен кетпес есім)
  6. Сергимін аунап-қунап көбе шөпте
    Шегіртке мен шіркейдің джазын тыңдап.
    (Ә.Кекілбайұлы, Жол жыры)

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 289 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: