20:40
Көркем сөздің құдіреті

ДІТ

Мақсатты ой, пиғыл, ықылас, көңіл, ынта, ниет.

Мысалдар:

  1. Өзі осы өңірдегі елдің бір саны көп атасынан шыққан белді кісісі болғандықтан өзінен басқа кісінің сөзін тек өзінің дітіне жақса ғана тыңдайтын адам көрінді.

(І.Жансүгіров, Жолдастар)

  1. Жамбыл-ак, жан екенсің сөзге сараң,

Жақпады қай мінезім бүгін саған?

Дітіңді білтелемей, білдіре айтшы,

Саласың қандай қолқа тегі маған?

(Жамбыл мен Айкүміс айтысынан)

  1. Түн ішінде неғып жүрсің дегендей бақалар шуылдады. Бұлақты жағалап, қайнар көзді діттеп келе жатқанымда, жағадағы бір-екі бақа қарғып-қарғып суға түсті.

(Ш.Мұртаза, Ай мен Айша)

  1. Танып айтуға, тауып айтуға тырысу. Таптаурын үлгілердің тар қалпынан шығып, өмірлік шындықтың өзімен сәйкестілікке ұмтылу. Сыршылдық пен шыншылдықты діттеу. Мазмұнға бола көркемдікке қиянат жасамау.

(Ә.Кекілбаев, Ақ ниеттің адал жаршысы)

 

ЗӘУДЕ

  1. Кенет, әлдеқалай, қапыда;
  2. Кейде, оқта-текте;
  3. Сірә, бәлкім, шамасы.

Мысалдар:

  1. Аман болса қашан келер? Егер, зәуде жазым болып, өліп кетсе... Жоқ бірге туған бауыры, қуаты... ағасы өлмеу керек...

(Ж.Аймауытов, Қартқожа)

  1. Барады шай ішуге ауыз үйге,

Кісі жоқ бола қалса зәуде үйде;

Бір үйді кеше билеп жүрген кісі,

Амал не, кез келген соң мұндай күйге?

(С.Торайғыров, Кім жазықты)

  1. Зәуде бір жолы түсіп, Қабен ауылға бара қалса, тот басқан теңгедей ескінің көзі секілді әр жерден бір табылатын кәрі-құртаңдар бұл жігітті танымайды.

(З.Қабдолов, Жалын)

  1. Тазша құл менің жарым сен демеді,

Зәуде мұнда келсе өлмес пе еді.

(Қозы Көрпеш – Баян сұлу /С.Сейфуллин нұсқасы/)

  1. Тек бураның санындай шалбарлы қос тізенің үстіндегі көлденең ұсталған тобылғы сапты жуан қамшыны ғана байқайсыз. Зәуде «жылқышы боларсың» дейсіз.

(І.Жансүгіров, Қара бауыр)

 

ҮП

Дүние, мүлік, мал, жасау.

Мысалдар:

  1. Малға қосып үй-үйден үпті алды,

Тігулі үйге келіп отты салды.

Малды алып, үйді өртеп болғаннан соң

Қазан менен ошақты шағып алды.

(І.Жансүгіров, Етекбайдың өлеңінен)

  1. Жұмабайдың үйінің іші үпті де, тап-таза, кірсең шыққың келмейді.

(Б.Соқпақбаев, Балалық шаққа саяхат)

  1. Орымбектің үйі едәуір үпті екен. Алты қанат үйдің төріне жүкаяқ үстіне жиналған жүк уықтың қарына тіреліп тұр. Үйдің бау-шуы да әдемі.

Балғабек Қыдырбекұлы, Алатау)

  1. Осборндардың үйі үпті еді; әкесінің үстелі сәнді де қымбат ағаштан жасалған, олардың қауымы – қайырымды да тәрбиелі.

(У.Теккерей, Бақталастық базары /аударған Байұзақ Қожабекұлы/)

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 336 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: