22:52
Ислам және медицина

ШИЗОФРЕНИЯ vs ЖЫН КІРУ

Психикалық аурулардың арасында ең күрделісі, ең қиыны – шизофрения.

Шизофрения – адамның ойлау жүйесі бұзылуына байланысты өзінің тұлға ретінде қалпын жоғалтатын эндогенді психикалық ауру. Бұл ауру әлі де болса толық зерттелмеген. Ауру кейде ұзақ, кейде ұстамалы түрде тез өтеді. Шизофрения негізінде жоғары жүйке жүйесі қызметінің бұзылуынан болады. Шизофренияның түрлері бірнеше, бірақ ғалымдар олардың санын бірде азайтады, бірде көбейтеді. Ең көп таралған түрі – паранойдты шизофрения.

Шизофренияның клиникалық белгілері қандай?

- Дертке шалдыққан адам өзін өзгелерден тұйық ұстайды. Шизофрениямен ауыратын адамдар өзін мазалап жүрген мәселені өзгемен бөліспейді. Сондықтан оның дертке шалдыққаны іс-қимылынан ғана аңғарылады.

- Оның сөздік қорында жаңа неологизмдер пайда болады. Ол өзінің жаңа әлеміне қатысты жаңа сөздер ойлап тауып, сол тілде сөйлеуі әбден мүмкін.

- Ол жиі сандырақтайды. Ешкім тыңдамаса да өзінің жаңа әлемі туралы әңгімелей бастайды. Оның көп әңгімесі ойға қонымсыз, фантастикалық жанрда болады.

- Сандырақтар дерттің басты симптомы емес. сонымен қатар олардың ойлау жүйелері түбегейлі өзгереді әрі айналасына деген қызығушылығы жоғалады.

- Олар эмоцияларын басқара алмайды. Өзге адамдарды түсіну әрі олардың ішкі сезімін сараптау қолдарынан келмейді. Шизофрениямен ауыратын адамдар тек өз ішкі сезімдерімен арпалысып өмір сүреді.

- Шизофренияға шалдыққан науқас аурудың бастапқы сатысында және аурудың даму кезінде өзін түрлі қалыпта ұстайды. Басында өзіне ие болғанын түсінбейді, мазасыз күйге түседі. Туысқандарымен, достарымен байланыстың үзілгеніне бола уайымдайды. Уақыт өте, оның санасы сырттан ешқандай ақпарат қабылдамайды. Тіпті олар бірнеше сағат ешқандай қимыл жасамастан өз уайымы мен эмоциясының «тұтқынына айналып» отыра береді.

- Шизофренияға шалдыққан науқастарда ең басты белгілер галлюцинациялардың көптеген түрлері болады. Есту, көру, иіс сезу, тактильді т.с.с. Ішіндегі ең қауіптісі – императивті галлюцинациялар. Ол дегеніміз – науқастың құлағына бұйрық райында «біреуді өлтір, өзің өл» секілді дауыстар ести бастайды. Ондай науқастарды арнайы психиатриялық бригадалармен дереу ауруханаға жатқызады.

Міне, жоғарыда айтқан белгілер адамға жын кіргенде де болады. Пері қаққан я жын кірген адамдарда – сандырақ сөздер сөйлеу, қияли әңгімелер айту, мелшию, тұйықталу, көңіл-күй тұрақсыздығы, мазасыздық, сарыуайым, әжетханада ұзақ отыру, сол қолмен тамақтану секілді белгілер пайда болады.

Шизофрениямен кімдер ауырады? Жер шарын мекендейтін адамдардың 1-5%-ы шизофрения дертіне шалдыққан. Негізі, шизофрениямен кез келген адам ауруы мүмкін. Бірақ, тәжірибелерде көп байқалғанындай, 15-25 жас пен 40-65 жас аралығындағы адамдардың дертке шалдығу мүмкіндігі өте жоғары. Егер тұқымында дәл осы ауруға шалдыққан жандар кездессе, ауру мүмкіндігі екі есе артады. Таралу бойынша, жалпы статистика бойынша, салт-дәстүрі дамыған, дініне бекем елдерде бұл аурумен зардап шеккендердің саны әлдеқайда аз екен. Қазіргі антропологтардың салыстыруынша, салт-дәстүрі сара жолға салынған, жөн-жоралғысы жақсы қалыптасқан, діні мен діліне берік елдер мен өркениетті әрі индустриалды жағынан дамыды деген Батыс елі арасында психологиялық аурулар бойынша арақатынас жер мен көктей екен.  (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 10 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: