23:05
Ислам және медицина

ТЫЛСЫМ КҮШТЕР мен ПСИХИКАЛЫҚ АУРУЛАРДЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ

Қазіргі уақытта психикалық ауытқуларды медициналық және теологиялық бағытта қарастыруымыз керек еді. Қазіргі ғылым тек көзбен көріп, құлақпен естігенд дәлел деп санап, соны ілім деп қабылдайды. Бұны «материализм платформасы» деп санауға болады. Қай маманды алса да, материалистік көзқарасты ұстанады. Деректі зат есімдерді талдап, зерттеп көруге болады, ал дерексіз нәрселер ше? Ақыл, рух, жан, сезім сынды дүниелерді қолмен ұстап, иіскеп біле алмаймыз ғой. Сондықтан дін – бізге сол көзбен көрілмейтін, қолға ұсталмайтын, құлаққа естілмейтін дүниелер барын және соған сену керектігін үйретеді. Оны біз «иман» деп атаймыз. Материализм мен атеизмге негізделген. Батыс әлемі, қазірше бізге бұйрықтарын орындатқызып, айтқанына көндіріп отыр.

Психикалық аурулар тақырыбына байланысты медицина мен дін арасындағы тайталас сонау ықылым заманнан арқау алған, оны исламнан да, христиан дінінен де байқауға болады. Мысалы, тарихтан белгілі медицина ғылымы және шәркеу мамандары ұзақ уақыт бойы осы тақырыпта тартысқан, текетірескен. Орта ғасырларды барлық ауру-сырқау тек діни тұрғыда түсіндіріліп, емделсе, қазір барлығы дүнияуи (материалистік) тұрғыда қарастырылатын болды, былайша айтқанда, «аралық орта» жоқ. Әр істің екі жағы болатыны сияқты, ғылымды да екіжақты материалдық және рухани тұрғыда қарастыру керек.

Жалпы, психиатрия ғылымы басқа ғылымдармен салыстырғанда кешеуілдеп дамуда десек қателеспеспіз. Науқастар саны жыл санап көбейіп, оларды емдеуші мамандар жетіспей жатыр. Тіпті Батыста психиатр маманына өзіндік қызыл кітап арнаған. Халықтың психиатрия ғылымына деген ойлары тым сенімсіз. Психиатр тұрмақ, психологқа көрінсең, жұрт «жын ұрыпты» деуден тайынбайды.

Фармакологиялық компаниялар да бұл салада аста-төкке салынғылары келмейді екен. Нар тәуекелге барғылары келмеген шығар.

Қазіргі уақытта психиатрия ғылымы ақсап тұрғаны айдан анық, мамандардың өз сөздеріне үңіоіп көрелік: ағылшын психиатры, профессор С.Лоури: «Шизофрения үшін патофизиологиялық түсініктемелер мен ізденістердің пайда бар ма?» деген өз сұрағына өзі «жоқ» деп жауап берген.

ДНҚ-ны ашқан америкалық биолог Д.уотсон (1988 ж.) шизофренияны классикалық генетика тұрғысынан зерттеу қорытындылары әзірге көңіл көншітерлік емесін айтады.

Психиатриялық генетика бойынша жетекші маман Кендлер: «Генетикалық тұрғыда негізделген психикалық аурудың емдеу модельдері бір қарағанда дұрыс болғанымен, эмпирикалық (тәжірибе жүзінде) нәтижелер жоқ», - деп қынжылды.

Ғалымдар ақыры генетикадан нәтиже таппағаннан кейін, соңғы үмітпен өздерінің күн тәртібіндегі – эпигенетика (генетиканың тереңдетілген саласы), иммунология мен жұқпалы ауру теориялары бойынша преспективалық жобаларды қолға алды.

Ғылым материядан тыс басқа бір әлем бар екенін мойындау керек. Сондықтан періштелер, түрлі рухани болмыстар, қарғыс, сиқыр, дуа, сайтан, малғұн, Әзәзіл (Ібілс), албасты, жын-пері секілді метафизикалық құбылыстардың бар екеніне сену – бүгінгі таңда аса өзекті имани мәселеге айналып отыр. Біз қазіргі кезде ғылымды материалистік таным арқылы түсіндіретін дәуірде өмір сүрудеміз. Материалистік танымнан іргені аулақ салмастан метафизикалық әлемнің тереңіне бойлау, көптеген психикалық проблемаларды шешу өте қиын. Бұл қиындықты жеңудің жалғыз ғана шарасы – рухани әлемді тереңірек тани түсу және кейбір психикалық ауытқулар мен аурулардың эитологиялық факторын қарастыру. Ақиқатқа апаратын жол метафизикалық әлемнен бастау алады. Мұнымен айтпағымыз, осындай жаман энергияны, негативті құбылыстар адамға кері әсер етіп, психикалық ауытқуға ұшырататын болар? Жындар мен жаман рухтар адамның осал тұсын пайдаланып, ерік-жігері әбден әлсіреген кезде сол жанның рухын қараңғылықпен, үмітсізбікпен тұмшалайтын шығар. Ғалымдарымыз бұл жағдайдың не себепті қоғамдық дертке айналып отырғанын пайымдаса, қазіргідей материалистік сыңаржақтықтан, бәлкім, сол кезде құтылуы мүмкін еді. Нәтижеде, қоғамда үмітсіздік жайлап, рухани күйзеліс белең алуда. «Нәжістер нәжістерге» (24:26) деген аятта айтылғандай, азғындыққа бой алдырған жандарға жаман рухтар үйірсектеп, пәлекет болып жабысады. Әлемді жайлаған «паранойя» мен азғындық астарында осынау шындықтың жатқаны рас. Әйтсе де ізгілікті ту етіп, рухын кір шалмаған таза жандар жүрген жерлерде адамадрдың жан дүниесі түрлі рухани дерттерден таза болады. Рухани дүниесі таза, ізгі тұлғалар осындай орталарда қалыптасады.

Шырмауы әлі де шешілмеген бұл құбылыстарға біз діннің қайнар көздеріне үңілу арқылы шешім тауып көрерміз мүмкін.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 12 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: