10:28
Ислам және медицина

ТӘФӘККУР-И МӘУТ

Қазақ тілінде қабірді, мазарды «көр» деп те атайды. Неге «көр»? аты айтып тұрғандай, «өлетініңді көр, мәңгі емес екеніңді аңғар, барар жеріңді, кірер тесігіңді қара» деген мағынада болса керек. Өлімді ойлаудың адамға тигізер пайдасы да бар. Рухани кеселдерді де, физиологиялық стрессті де азайтады.

Медициналық зерттеу нәтижелері көрсеткендей, өлімді ойлау арқылы адам баласы өзіне деген қамқорлығын, денсаулығын сақтауды қолға алады екен. Психология ғылымдарының профессоры борис Егоров өлімді көп ойлайтын адамның ісі мен сөзі бір-бірімен үйлесетіні және қателік жасаудан аулақ болуға тырысатыны, өміріне қауіпті барлық нәрселерден алыс жүретіні туралы көптеген материалдар дайындаған. Профессор сонымен қатар адамдарға қайтыс болған туыстарының зиратына көбірек баруды ұсынған екен.

Өлім жайлы ойлаған ұлы тұлғалардың өмірлерінен бір үзік сырлар:

Тарихты Ескендір Зұлқарнайын деген ұлы қолбасшы болған. Өзінің кезекті жорығында шығысқа бет алып, бір қауымға жолығады. Сонда ел ішін аралағанда, қызық бір жайтқа тап болады. Әр үйдің жанына қабір қазылған екен. Зұлқарнайын таңданыспен халықтан сұрағанда, олар үнемі өлімді еске алып отыратынын, сол арқылы күнәдан арылып, тазаратынын айтқан екен.

 * * *

Омар бин Әбдул Азиз (р.а.) бір ғалымға былай деген: «Өтінемін, маған біраз насихат айтшы!»

Ал ол болса былай деп жауап береді. «Өлімге душар болған бірінші халиф сен емессің!»

Омар бин Әбдул Азиз: «Жалғастыр», - дейді. Сонда ол:

«Сенің ата-бабаң Адамға дейін тірі қалмаған, барлығына да өлім жеткен. Енді сенің кезегің келді. Сен де өлесің!» Сонда халиф Омар бин Әбдул Азиз осындай насихатты естіген соң, өзін-өзі ұстай алмай жылаған екен.

* * *

Раби ибн Хайса үйінен қабір қазып қойып, күн сайын, бірнеше мәрте сол жерге кіріп жататын болған. Осылайша ол өлімді үнемі еске алып тұруды қалайтын. Ол өзі былай деген: «Өлімді бір сәтке болсын естен шығарған кезімде жүрегім тулап кетеді».

* * *

Иса пайғамбардың (а.с.) жанында өлім туралы айтылғанда оның денесінен қан тамшылай бастайтын.

* * *

Дәуіт пайғамбардың (а.с.) жанында ажал жайлы айтылған кезде, я болмаса ол өзі айтқан сәтте немесе есеп күні туралы әңгіме болған уақытта ол буындары ауырғандай жылайтын. Өзіне тек қана Алланың мейірімі мен рақымы жайлы айтылған кезде ғана келетін.

* * *

Сафия (р.а.) былай айтқан екен: «Бір әйел Айшаға келіп, жүрегінің мейірімсіз, қаттылығын айтып шағымданады. Сонда Айша (оған Алла разы болсын): «Үнемі өлімді есіңнен шығарма және де өлім жайлы көп айт. Ол сенің жүрегіңді жібітіп, жұмсартады». Біраз уақыттан соң әлгі әйел Айшаға келіп, оған алғысын айтады».

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 16 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: