21:54
Ислам және медицина

«АЛАҚАЙ!» немесе «АЛЛА ХАЙ!»

Ақтық демі шыққаннан кейін адамның миы қандай қалыпта болады? Ал қызметін тоқтатқан жүректің жағдайы ше?

Егеуқұйрықтар бойынша жүргізілген зерттеудің нәтижесінде, өлім алдында көп ұзамай жануарлардың ми толқындарының жоғары деңгейге жететіні анықталды. Жүрек тоқтағаннан кейін 30 секунд ішінде барлық жануарлар жоғары жиіліктегі ми толқындарының гамма-ырғағы деп аталатын белсенділікке ие болады. Эксперименттерге сәйкес, ақтық демдегі адам миының өте белсенді түрде активацияланғанын байқауға болады. Сонымен қатар Бирмингем университетінің профессоры Джейсон Брейтвайт: «Өлетін мидың соңғы дауысы, яғни «алақай» деп сипатталған құбылыс», - дейді. Зерттеу нәтижелері Ұлттық Ғылым Академиясының журналында жарияланды.

Дінтанушы Мұхан Исахан сұхбаттарында араб тілінен енген көп сөздердің түбірі ислами түсінікке ие екенін айтып жүр. «Біз қуанғанда «Алақай» дейміз. Мұның мағынасы не? «Хай» - «Тірі» деген Алланың сипаты. Дін адамды қуанышта да, қайғыда да Алланы еске алып, шүкіршілік етуге тәрбиелейді. Қазақтар қатты қуанғанда, бөркін аспанға атып, «Алла – хай, Алла – тірі!» деп қуанышын білдіретін болған. Адам өмірден озғанда «қайтыс болды», «қайтты» дейміз. «Хай» тірі деген мағынада болғанда, «тыс» сырт қалды деген сөз екені түсінікті ғой. «Мына дүниеден тыс қалды, бақилық болды» деген философиялық мағынаға ие деп ойлаймын», - дейді дінтанушы Мұхан Исахан.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Расында, кәпір пенде дүниеден кетіп, ақыретке барарында оған көктен жүздері қара түсті, дөрекі, қатыгез періштелер түседі. Олармен бірге тозақтан «масух» болады. (Періштелер) оның көз алдына келіп отырады. Одан соң өлім періштесі келеді де, оның бас жағына отырып: «Ей, сұмпайы нәпсі! Алланың ашу-ызасына қарай шық!» - дейді. Сол сәтте оның рухы денесінен (ағза-ағзасына) бөлініп тарап кетеді. (Өлім періштесі) оны сулы жүннің арасынан тікенекті бұтақ суырғандай етіп суырады. Онымен бірге қан тамырлары мен жүйке талшықтары бырт-бырт үзіледі», - деген.

Дегенмен бұл жағдайларды жан тапсырып жатқан адамның қасындағылар байқамайды. Алла Тағала бұл сәтті Құранда сипаттап:

«Жан жұтқыншаққа келген кезде сол уақытта сендер қарап тұрасыңдар. Негізінде, ол (өліп бара жатқанға) Біз жақынырақпыз. Бірақ сендер көрмейсіңдер» (56:83-85), - деге. Аятта баяндалғандай, біз үшін бұл жағдай көмескі. Егер адам баласы бұл жайтты көзімен көрсе не сезінсе, оның өмірге деген құлшынысы мүлдем жоғалар еді. Алла Тағала: «Жоқ! Олай емес! жан алқымға келген кезде (сонда): «Кім дем салады?» - делінеді. Ол, шын мәнінде, айырылу екенін сезеді. Балтыры балтырына айқасады. Ол күні Раббы жаққа айдалады» (75:26-30), - деген екен.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 13 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: