10:14
Ислам және медицина

АДАМ ЖАН ТАПСЫРЫП ЖАТҚАНДА РЕАНИМАТОЛОГ ҚАНДАЙ АМАЛ ЖАСАУЫ КЕРЕК?

Ауруханада хал үстінде мұсылман адам жан тапсырып жатқанда қай амал бірінші жасалынады? Жедел-жәрдеммен шақыртуға барған дәрігер не реаниматолог не істеуі керек? Алдымен бәрін қойып мұсылманның тілін кәлимаға келтіру керек пе әлде жүрек-өкпе реанимациясын, яғни жан-сақтау шараларын жасау қажет пе?

Науқастың жағдайын көргеннен соң, әлбетте, дәрігерлік міндетін атқарып, аурудың жанын ажалдан арашалап қалуға тырысуы керек. Ал егер соңғы құтқару амалдарынан да нәтиже болмаған жағдайда жан тапсырайын деп жатқан кісіні оң бүйіріне жатқызып, жүзін құбылаға қарату – сүннет. Сондай-ақ өлім халінде жатқан адам қырылдап кетпей тұрып «Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мухаммадар расулуллаһ», - деп кәлиманы жай дауыспен айтып үлгерсе құба-құп. Бұл туралы «Көз жұмғалы жатқан адамның тілін кәлимаға келтіріңдер», - деген хадис бар (Муслим).

Бала-шағасы мен ең жақын адамдары сырқаттың жанында дұға етіп, қасында болуы – мұстахаб.

«Көз жұмғалы жатқан адамның жанында «Ясин» сүресін оқыңдар», - деген (Әбу Дәуд). Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әбу Дәуд (р.а.) риуаят еткен осы хадисінде. «Ауырып өлім халінде жатқан адамның қасында Йәсин сүресі оқылса, ол шөлі қанған күйінде жантәсілім етеді, шөлі қанған күйінде қабірге кіреді және қиямет күнінде де шөлі қанған күйінде қайта тіріледі», - деген.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 17 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: